ОЩЫМ ЖАС ЕМЕС ЕКЕНІМІЗДІ МОЙЫНДАҒЫМ КЕЛМЕСЕ ДЕ, МОЙЫНДАДЫМ
Өзіңнен кейінгілерді көріп қартаясың - деген рас-ау осы. Бағана 11-ші трамваймен басып келе жатсам, алдымда 5-6 оқитын балалар өз ара сөйлесіп кетіп бара жатыр екен. Естіген құлақта жазық жоқ. Дауыстары көшені жарып келе жатқан соң, əнгімелерін еріксіз тыңдауға тура келді. Бірі;
- Қыздардың мейрамы жақындап қалды. Мен Аяулымға сыйлық жасаймын. Сол қыз бір қылықты ше, маған қатты ұнайды. Ол да маған кеті əрі емес сияқты десе, екіншісі,;
- ұнатқан болсаң, кеше валентин күнінде "сүйемін" деп айтпадың ба?. Енді ертең подарка беріп жатқанда айт — деп ақыл айтқан болды. Ал өзіме Сəуле ұнайды деді сосын сөзін жалғап.
Фигурасы зың. Қараның əдемісі. Көзін айтсайшы ойнақшып тұр. Көздің жегі құрты - деп қояды тамсанып.
Соңында келе жатқан мен шок болдым.
Мəссаған! Бесінші сыныптың оқушыларында қандай сезім, қандай махаббат, қандай қылықтылық, қандай от.?
Оны қойшы, бесінші сыныптың қызында қандай фигура?— деп тағы да ойға кеттім.
Ее, біз бұлар үшін, қартайып біткенкендей көрінеміз-ау. Жастарды түсінбейміз. Тездетіп желбіреген шашты ретке келтіріп, ощым жас емес екенімізді мойындағым келмесе де, мойындадым) Мойындаған суретімді салайын деп тұрдым да, қой деп қайта басылдым.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан