Осылар бізді әлгі әзәзіл фея құсап қасқитып кетпес пе екен?!

05 мамыр 2022, 23:57

Марқұм Таласбек Әсемқұлов өмірдегі барлық жағдаятқа құянпұрыс анекдотпен жауап қайыра салғанды жақсы көруші еді ғой. Әсіресе, саяси реңкті сұрақтарға келгенде оның анекдот сақтайтын қара қапшығының теңі шешіліп кететін.
Әлқисса!
Жоқшылықтан әбден ыңғыршағы айналған бір қасқа кедей орманды кезіп жүріп, бір буат отын арқалаған кемпірді көріп, жаны ашып, жүгін көтерісіп, күркесіне (изба) дейін жеткізіп салыпты. Жігіттің қызметіне әбден риза болған әлгі өзінің фея екенін, оның кез келген 3 тілегін орындай алатынын айтса керек.
Қанша жылдан бері есінен танып жүрген қасқада басқа қандай тілек болсын, «Үлкен үй, сұлу қатын, шетелдік көлік керек» депті. Мынау да әбжіл екен, оған тиесілі үйдің мекен жайын түсіндіріп, көлік орманның шетінде тұрғанын, ішінде сұлу қатыны отырғанын емеурін ете қойыпты.
Жігітте ес жоқ, көктен сұрағаны орманнан табылып тұр. Жүрегі жарылардай болып, орнынан ытқи тұрып, есіктен ентіге шыға бергенде кереуеттің шетінде ыздиып отырған әлгі неме көзін төңкеріп жіберіп, «Менің де бір тілегім бар» десе керек. «Ойбай, әжетай-ау, бір емес, үш тілегің болса да орындаймын» дейтінге ұқсайды мынаусы.
– Жоқ, жалғыз ғана тілегімді қанағаттандырсаң болғаны.
– Өй, сол да сөз болып па? Не айтсаңыз да мүлтіксіз жасаймын!
– Сөз болғанда, былай ғой. Жастықтың соңы, кәріліктің басы дегендей. Алдым жар, сондықтан мен үшін бір теріңді қисаң қайтеді?!
Үш тілегін орындаған кәрі қайтқан немеден несін аясын, өтінішін қатырып тұрып, абыроймен орындап беріпті. Сөйтіп, апыл-ғұпыл киініп, асығыс шығып бара жатқан албыртқа талвқсып жатқан талыстай кемпір тіл қатты талықсып жатқан сиқыр:
– Балам, айтшы, осы сенің жасың нешеде? – депті, миығынан күлкіп.
– Отыздан астым, Құдай қаласа, алдымда отыз бір...
– Отыз жыл бойы ес кірмеген не деген ақымақсың?
– Мұнымен не демексіз, сіз сөзінде тұратын жаста емессіз бе?
– Дырыс қой, сонда сен менің әлгі айтқан сөздеріме кәдімгідей сендің бе?
Мұны естіген жігіттің шашы ағарып, есі ауып кетіпті.
Кейінгі кезде Тәкеңнің осы анекдоты есіме жиі түсетін болды. Шынымен де, осылар бізді әлгі әзәзіл фея құсап қасқитып кетпес пе екен?!

facebook.com