"ӨЗ ЫДЫСЫҢДЫ ЖУЫП ҮЙРЕН! " АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРАМЫН

27 сәуір 2021, 22:09

Жалқаулық

 

Балдарымды күнде "Өз ыдысыңды жуып үйрен! " акциясына шақырамын.

 

Акция қашан бітеді? -деп  бұлқан-талқан  болады ә. 

 

Маманың айтқаны - заң!  Заңның аты да заң. Бағынбаса жазаланады. 

 

Бізге де оңай емес. Таңнан қара кешке дейін жұмыстамыз . Жұмыстан кейін базарлап,  есек ұқсап екі пакетіңді арқалап үйіңе кіріп келгенде үй ыбырсып шашылып жатса  көңілге дық.

 

Ет пен сүйектен жаралған пенде емеспіз бе?

 

"Әйелдің қырық жыны" бар деген  сайын сабылып,  не за что қырық жанымды қырып ала жаздаппын.

 

Бір қолымызбен бесікті,  бір қолымызбен әлемді,  ара-тұра әлеуметтік желіні тербетеміз.

 

Әлеуметтік желі демекші,  мұнда бір кіріп отырған адам,  отырып қалған қыз ұқсап отыра береді екен.

 

Үй шаруасы,  ыдыс жуу,  тағы басқа шаруалар жайына қалады . 

 

Акцияны ойлап тапқаным мұндай жақсы болар ма?

 

Мамамыстан  респуликасының  заңы орындалып жатыр! 

 

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан