РӨЛДЕ ҚЫЗ (МОЖЕТ ҚАТЫН) ОТЫР
Жол кептелісінде тұрмын. Оң жағымда Range Rover Velar, жүргізушісінің көңіл-күйі жоқ. Қабағын түйіп алған. Ұйқысын ашпағаннан да болар. Маған жалт қарады, мен жымидым. Ол да жымиды.
 
Сол жағымда BMW X7 тұр. рөлде қыз (может қатын) отыр. Көзі ісіп кеткен. Күйеуімен ұрысқан немесе кеше аттың басын жіберген. Маған жалт қарады, мен жымидым. Ол да езуін тартты.
 
Жасыл жанды, екі көңілсіз адам көңілді болып жүріп кетті. Радиодан "Қой, күрсінбе!" деген әуен шырқап жатыр. Екі адамға жақсы көңіл сыйлағанымнан, ішімде бір қанағаттану сезімі пайда болды. Кішкентай Nissan да, позитиффф сыйлайды ))))
 
 
 
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан