Сегіз ару жабылып жатыр еркекке

19 мамыр 2022, 13:24

Ұйықтап жатырмын. Бір кезде Хатун оятады. Көзімді ашып оянсам, түнгі 04-00 жоғарыда төбелес басталыпты. Еркектің боқтағаны, әйелдің шыңғырғаны, нәрестенің жылағаны, ыдыс-аяқ пен жиһаздың сынғаны. Дүрс-дүрс, быт-шыт ...
Түсінікті болу үшін: - Жоғарыда 2-бөлмелі пәтерде 9 адам тұрады. Күйеуі мен әйелі және 4 қызы бар. Оған қоса әйелдің шешесі, ажырасып қайтып келген сіңілісі және оның кішкентай қызы.
Жоғарыдағы дауыстар үдеп, градус көтеріле бастағанда Хатуным: "Мынау әйелін өлтіреді ғой, барып келші" деді ... Сол кезде мен қолыма домбырамды алып бүй дедім:
Сегіз ару жабылып жатыр еркекке
Тоймады ол сері өмірдегі ермекке
Сегіз ару асырау оңай деп пе едің
Бармаймын мен оларға көмекке
Аһааау-игигай игииигай ... деп ұйықтап қалдым.

facebook.com парақшасынан