Сөйтсек, алып жүрген жаңағы көрші жиен екен

04 мамыр 2022, 00:33

90 жылдары бәрі жабылып жатқан кез. Ауылдың универмагын сатып алдық. Сол кездің ақшасымен 80 мың теңге. Үйден 1 км-дей алыстау. Материалына бола алдық. Тұрған ағаш еді. Соны жұрт "сұрамай" бұзып ала бастаған соң, басына барып жатып жүрдік. Бөле жездеміздің жөнделіп бітпеген (универмагтың бір ғимараты) үйі бар еді. Кешке атам екеуміз кетіп бара жатамыз. Көрші үйде тұратын атамның жиені бар.
– Оу, Досеке жол болсын, - дейді отын бұтап жатып.
– Магазинге бара жатырмыз. Қонуға. Әйтпесе жұрт қояр емес.
Сол түн тыныш өтеді. Қайтамыз. Бармаған күні жұқарып қалады. ))
Сөйтсек, алып жүрген жаңағы көрші жиен екен. ))

Фейсбуктегі парақшасынан