Таксистердің кассирлері оңай адамдар емес...

07 қыркүйек 2021, 15:09

Таксист айтады. Өткенде біреулермен 750 теңгеге келісіп едім, олар әйелімнің Каспий-голдына байқамай 7500 теңге салып жіберіпті. Содан "қайтарыңыз" деді. Мен болсам:
- Ойбай, менің әйелімнен айқассаңыз да каспиіне түскен ақшадан бір тиын да қайтара алмайсыз, одан да сіздерге бірнеше күн шопыр болайын дедім. Ух, бүгін біттім ғой! - дейді жымиып.
Каспийден енді ақша аударайын деп отырған мен бірден сөмкемді төңкеріп, мың теңгені тауып алдым. Сөйтіп, қолма-қол төлеп кеттім. Ее, байқау керек! Таксистердің кассирлері оңай адамдар емес...

facebook.com парақшасынан