Тамағын соляркамен сүртіп, артынан бір қасық уксус ішкізіп жіберсеңіз жақсы болып кетеді
Асқазаным ауырып жүрген кез болатын. Туыстарымның арасынан білгіш сымақ біреу келіп, асқазаның ауырса уксус іш, содан кейін асқазанның ауырғанын көрмей кетесің! - деп ақыл айтқан болды. Баста əзілдеп отырған шығар - деп ойлағанмын. Кейін келіп, осы ақылды тағы да қайталап кетті. Тіпті "айтқанды істемейсіңдер" - деп ұрсып та алды. Баламның ангинасы шығып ауырған кезде де, "тамағын соляркамен сүртсең жазылып кетеді"- деген ақылға қонымсыз тағы бір ақылын тықпалады. Үлкен адам болған соң, жарайды солай істеймін - дедім де қоя салдым. Бүгін сол туысым "апаңның тамағы ауырып қалды, ертең дəрісін алуға сендер жақа өтемін" -деп хабарласты.
- Дəріні қайтесіз? ( өз сөзін қайталап)
Алдымен тамағын соляркамен суртіп, артынан бір қасық уксус ішкізіп жіберсеңіз жақсы болып кетеді деп əзілдей салған едім. Енді уайымдап ұйықтай алмай отырмын.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан