Төсекте күйеуіме «класс» көрсетейін десем...

15 қыркүйек 2021, 10:58

КЕРЕМЕТТІ КӨРСЕТІҢДЕР, КЕЛІНШЕКТЕР!


Жас кезімізде газет редакциясында бір апай болды. Қазір бар ма, жоқ па білмедік. Атын шартты түрде N. дей салайық. Қызық кісі еді. Қасында ұл отыр ма, қыз отыр ма, бәрібір, N. апамыз әңгімені соға беретін. Бір күні былай десін:
- Төсекте күйеуіме «класс» көрсетейін десем, қолдай кетудің орнына «мұны саған кім үйретті» деп сұрайды ғой.
Қазіргі келіншектерге рахат шығар. Күйеуі «мұны қайдан үйрендің?» десе, жайбарақат «Пәленшенің сабағынан немесе тренингінен» дей салады.

Қайнар Олжай

Фейсбуктегі парақшасынан