Түннің жарымында жекеменшік əйеліме звондап жатқан кім болды екен?

15 мамыр 2022, 20:33

Түннің бір уағы.. Жарық өшіп қалған. Қап - қараңғы. Тас түнек.  Үйдегілердің бəрі ұйықыда. Жарым-жартылай ұйықтап мен жатырмын. Бəрінен бөлек жатып қалғаным бар. Бір түрлі тұла бойымды қорқыныш билеп елеңзіп жатырмын.. Көзімді жұмсам болды, əр нəрселер елестеп одан сайын қорқынышымды үдетеді. Əлден уақытта  сақ-сақ етіп күлген бабайдың даусы шықты. Жан иманым қалмай көрпемді  одан сайын тас бүркеніп алдым. Əлгі бөжəй күлуін тоқтатар емес. Қайта -қайта күледі. Күйеу ана бөлмеде  жатып ұрсып берді.

 

~Телефоның шылдырап жатыр алсаңшы

 

 -О тоба! Адам да осындай музыка қоя ма-  дейді. Енді есіме түсті. Балалар телефонға тыныштық бермей ұстай берген соң, оларды қорқыту үшін, званокқа зомбидің күлген дауысын қойып қойған едім. Соңында өзім қорқып жатысым мынау. Құлықсыз ғана телефонымды көтеріп құлағыма тақадым. Ұйықтап жатқан байчиктің ұйқысы шайдай ашылды. Түннің жарымында жекеменшік əйеліме звондап жатқан кім болды екен? — деп ойлаған шығар. Бір құлағын түріп, көзін алайып жетіп келді..

 

Звондаған кісі

 

--Ало Күйкентай. Күйкентай қалайсың?-  деп қояды.

 

~Қайдағы Куйкентай. Ашуым шықты.

 

-Ало Күйкентай Күйкентайсың ба.? Жоқ дей беріп едім,

 

-Күйкентайды шақырып жіберіңізші- деп қиылды.

 

-Əй. Бұл саған шақырып жіберетіндей домашный телефон ба?. Жоқ Күйкентай.

 

Қайда-қайда?-деп жатыр ол да қоймай. Қайтыс болып кеткен!- дедім ашуланып. Əлгінің тілі байланып қалды білем, сөйлей алмай үнсіз қалды. Номерден шатастыңыз- дедім соңында.

 

Осы жұрттар қызық. Звондайтын кезде номерге дұрыстап қарап алса қайтеді. Құр босқа күйеуімнің күдікті көздеріне байланып мен қалып кеттім.

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан