Өмір-юмор!

ҰРЫ БОЛСАҢ, БАНК ТОНА, ЛОМБАРД ТОНА, МҰНДА НЕҢ БАР?

  • ҰРЫ БОЛСАҢ,  БАНК ТОНА, ЛОМБАРД ТОНА, МҰНДА НЕҢ БАР?

    ҰРЫ БОЛСАҢ, БАНК ТОНА, ЛОМБАРД ТОНА, МҰНДА НЕҢ БАР?

ЖЕЛДЕТКІШ

 

Үйдің ыстығына шыдай алмай,  базардан желдеткіш сатып алғанмын.

 

Қолымдағыны көріп, қаншадан алдың -деп сұрағандардың бəріне 8 мың теңгеден екен. Былтыр 5 мың сияқты еді,   қымбаттап кетіпті. Еще бұл ең арзаны-деп ерінбей жауап беріп келемін.

 

Жолай бір кафеге аялдап, сонда бір танысымды күтіп отырғанмын.

 

 Жанымда су жаңа желдеткіш.

 

Жоғары жақта лағманын сораптап ішіп отырған бір жігіт маған бір, желдеткішке бір қарай берді. Сəлден соң,  созылып жатқан лағманын ортасынан шанышқымен бір бөлді де, жартысын кесеге, жартысын бүүүфф деп тартқылап аузына тығып жіберді. Кесені басына көтеріп, сорпасын ішіп алып, болдым дегендей алақанын жайып бата қайырды. Бір қарасам,  маған қарай келе жатыр екен. Жаныма келіп, желдеткіштің нəзік белінен ұстап ,

 

-Қаншадан алдыңыз деп сұрақ қойды.

 

~8 мың екен!

 

Өмірі желдеткіш көрмегендей,  аударып-төңкеріп,  əрі-бері қарап, əдемі екен иə -деп қояды.

 

Ішім бір бəлені сезіп тұр.

 

Қылығы да ұнап тұрған жоқ. Жаймен желдеткіштің шнурын табанымның астына басып алдым. Сөйткенімше болған жоқ, əлгі бейбақ желдеткішті көтерген күйі бұрылып қашуға ыңғайлана бергені сол, табанымның астында басылған шнур жібермей тосылып қалды.

 

Бетіне қарап:

 

- қызықсыз ба аға? Мұныңыз не? Ұрлауға да не стойт қой! . Ұры болсаң,  банк тона, ломбард тона,  мұнда неңіз бар?

 

Əлгі қипақтап қалды.

 

-Прикол ғой. Жай сізді қорқытайын деп едім.  -Танымайтын адамға прикол ұстайтын сен кім едің? Жоғалшы əрмен деген едім,жанымда теңселіп тұрды да, қарасын батырды. Ол кеткен соң бекер ұрыстым-ау деп іштей өкіндім.

 

Ол да мен сияқты миы қайнап, ыстыққа шыдай алмай,  желдеткіш іздеп жүрген біреу болды ғой.

 

 

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 7035    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 19:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31