“Үш Жеті” көмектеспеген…

07 шілде 2022, 16:47

15 жыл бұрын, тура осы күні сұмдық болып еді. Үйлену тойын жасаймын деген қауым 07.07.07 деген күнге іс-шараларын ыңғайлап, талай ғашықтар “үш жеті” тоғысқан күні үйленсек бақытты боламыз деп сенді. Сол 07.07.07 деген күн үшін кәдімгідей талас болған. ЗАГСтың қызметкерлері сол күні бір айлық ақшасын да жасап алған еді. Дарақы халық өзі “ставканы” көтеріп жіберуге шебер ғой.
Ең қызығы сол 07.07.07 күні екі таныс жігіт үйленіп, достарымызбен екі ресторанның арасында жүгіріп жүрдік. Өкінішке орай көп ұзамай екеуі де ажырасып кетті. “Үш Жеті” көмектеспеген …
Мен сияқты 08.08.08 күні Пекин Олимпиадасын көріп, Грузиядағы соғысты бастап, үйлене салмай ма? 14 жыл болды. “Шексіздік” символында үйленіп, шексіз эмоцияға батып жатырмыз. Күнде Олимпиада. Күнде Маһаббат Соғысы. Күнде Эмоция.

facebook.com парақшасынан