Өмір-юмор!

ҰЯТЫ БАР ҰРЫ

  • ҰЯТЫ БАР ҰРЫ

    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ

Осыдан жиырма шақты жыл бұрын аталас ағамыз елден Ақтөбеге көшіп келетін болды. Құжатын арқалап, құзырлы органга жолыққан аға-жеңгеміз әкемнің үйіне кетіп бара жатып, жолда базарға соққан. Сол жерде азын-аулақ ақшасы мен күллі құжатын ұрлатқан. Әшейінде тәштай жеңгеміз сөмкесін қалай қағып кеткенін білмей қалған.

Жалпы кез келген адам үшін құжат жоғалту деген ақырет қой. Ал мына жерде жағдай тіпті қиын еді. Қарақалпақстанның азаматтығынан шығып кеткен, Ақтөбеде тіркеуге тұрып үлгермеген. Хас масқара...
Әлқисса, ұрыекең сөмкені қолға түсіргесін, құжаттарға да көз жүгіртсе керек. Блокнотта жазылған адрестерге де үңілген сықылды. Сосын сонау "Колхоз базардан" тура біздің подьезге келіп, бірінші қабатта тұратын Әбдіраш Есмахан ағамның есігінің алдына құжат толтырылған пакетті қойып кетіпті. Оны сол үйге қонаққа келген Мейірхан ағам мен Айжума жеңешем көріп, ішке ала кіреді. Сосын маған хабарласты: "Осылай да осылай, бір пакет құжат тауып алдық. Сіздер жақтан келген адамдар секілді, қарашы". Барсам, өз аға-жеңгемнің құжаты...))).
Алып, үйге кіре беріп ем, телефон шырылдап жатыр екен. Әкем. "Мыналар ақшасы мен құжатын ұрлатып алыпты. Сен полицияға хабарлас...". "Құжат менде" - дедім күліп. "Қалай?". "Ұрылар әкеліп тастады...")))
Дереу әкемнің үйіне жеттім. Түрлері кетіп қалған аға-жеңгемнің көзі жайнап шыға келді. Ал содан әлгі ұрыны мақтайық кеп. "Атасына рахмет!" - деді әкем. "Ұяты бар адам екен" - деді шешем. "Бала-шағасының қызығын көрсін..." - деген ағамның тілегін естігенде тіпті құладым. "Алғаны бұйырсын, ендеше" - дедім мен. Енді бәріміз күлдік. Қайран, ұрыекең біздің сол тілегімізді естімеді-ау. Қасымызда болса, тура жылап жіберер еді.
Өмірде осындай да қызықтар болады, ә?)))

Бауыржан Бабажанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3658    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31