Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Запперме" деген атын айтсайшы, оның...

03 шілде 2022, 22:27

"Запперме" деген атын айтсайшы, оның...

 

Кеңес заманында, бір ағамыз колхоздың жылқы фермасына меңгеруші болады.

 

Жылқышылар шетінен жалқау ішкіш болса керек.

 

Әйтеуір жылқы жиі шығын болады. Бірде қасқыр тартып кетеді, бірде құздан ұшады, тағы бірінде ұрылар қолды етеді. ..

 

Шығынның бәрін завферма мен жылқышылар ағайындарынан жылу жинап толтырып жатады.

 

Содан мезі болса керек, завферманың үйіндегі жеңгеміз

 

- Мұндай жұмысыңасссиииин, таста!

 

Бала-шаға шоқпытпен жүр, ағайынға ғой, тіке қарай алмаймыз!

 

Тісін батырған абысындарға жауап қайтарудан қалдық!

 

"Ләм" дей алмаймыз!

 

"Қит" етсек жылу деп бергенін айтып, үнімізді өшіреді! - деп бұрқылдайды екен...

 

Сөйтсе, ағамыз

 

-Қатеке, оу қатеке!

 

Қалай тастайсың?

 

"Запперме" деген атын айтсайшы, оның..

 

 

Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан