Қазақ солдаты

Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерейтойы аталып өтуде

  • Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерейтойы аталып өтуде

    Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерейтойы аталып өтуде

Құрлық әскерлерінің ең жас құрамаларының бірі - «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрылғанына 20 жыл толды.

Әскери құрама өз тарихын 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Батыс әскери округінен алады. Оның жауапкершілік аймақтарына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді.

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті - мемлекеттік шекараның мызғымастығын, аумақтың тұтастығы мен егемендігін, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету болды.
2002 жылдан бастап өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдері ауқымды оқу-жаттығуларына қатыса бастады. Жеке құрам «Бейбітшілік теңізі-2002», «Батыс-2003», «Рубеж-2006», «Өзара іс-қимыл-2009», «Бейбітшілік миссиясы-2010», «Орталық-2011», «Қаратау-2014» және «Батыс-2018» сияқты ірі жаттығуларды сәтті өткізді.


2005 жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының штабы Ақтөбеден Атырауға көшірілді, оның ашылуына Ұлт Көшбасшысы &ndash ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Сол жылдан бастап «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы барлық әскери парадтарға қатысып келеді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы - бұл Қазақстанның батыс шекараларының қауіпсіздігі мен сенімділігінің кепілі. Ұлт көшбасшысы - еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дана саясатының арқасында, біз 20 жыл ішінде Қазақстанның батысының қауіпсіздігін қаматамасыз ететін берік қорғаны бола алдық», - деді өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.


Қазіргі кезде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, әскерлерді сапалы даярлауға барлық қажетті оқу-материалдық базасы бар. Өңірлік қолбасшылықтың мақтанышы - Қарулы Күштердегі жалғыз теңіз жаяу әскерінің бригадасы. «Қара береттілер» өңірлік қолбасшылықтың басты жауынгерлік күші болып табылады. Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері жауынгерлік дайындықта жоғары даярлық деңгейін көрсетіп, Қарулы Күштер жарыстары мен халықаралық армия ойындарының бірнеше рет жеңімпаздары болып табылады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов




Көрілген: 3827    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 20:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28