Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әуе қорғанысы күштерінде командирлік ұшулар өтті

26 желтоқсан 2017, 12:41

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ҚР ҚК ӘҚК барлық авиациялық базаларында жаңа оқу жылы командирлік ұшуларды ұйымдастыру және өткізуден басталды.

Командирлік ұшуларды өткізу шеңберінде ұшқыштар ұшу даярлығының анағұрлым күрделі элементтерін орындайды. Радиолокациялық жүйені қолдана отырып, аспаптар бойынша метеоминимум және отырғызу жағдайларында. Ұшулар алдында алдын ала ұшу құрамымен аталған жағдайларда ұшу даярлығының барлық түрлері бойынша сабақтар өткізілді.


Командирлік ұшулар барысында әдістемелік-нұсқаулық білімдері тексерілді және нұсқаушы ұшқыштардың жеке машықтары жетілдірілді, сондай-ақ ұшуларды басқару тобымен экипаждардың өзара іс-қимылдары пысықталды.


Әскери-көлік авиациясының ұшқыштары қозғалтқыш және пилотаждау шеберлігінің істен шығуын елестету бойынша кезекті тексерістерді пысықтады. Ұшуларда Ми–8 және Ми–17, UH–1 H–II (Хьюи) армиялық тікұшақтары және С-295 әскери-көлік авиациясының ұшақтары тартылды.
Алаш айнасы