Алматыда мектептердегі байқаушылар басшысы Александр Братенков қалада жүйелі бұзушылықтар анықталмағанын, алайда кейбір сенімді тұлғаларды сайлау учаскелерінен шығарып жіберуге тура келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, кейбір сенімді өкілдер учаске басында жасырын үгіт жүргізген. Осыған байланысты жекелеген азаматтарды учаскелік сайлау комиссияларының актілері мен шешімдері негізінде сайлау учаскелерінен шығаруға тура келді.
"Жекелеген сайлаушылар тарапынан бұзушылықтар болды. Қарағанды тұрғыны есептен шығару құжаты бойынша мәслихат депутаттары сайлауына өзін қатыстыруды талап еткен кезі болды. Тіпті іс насырға шауып, полиция шақыруға тура келді".
Александр Братенков