Қазақ солдаты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында президенттік көпсайыстың үздіктері анықтады

  • «Батыс» өңірлік қолбасшылығында президенттік көпсайыстың үздіктері анықтады

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығында президенттік көпсайыстың үздіктері анықтады

Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының әскери қызметшілері Ақтөбеде өткен Президенттік көпсайыс жарысында үздіктерді анықтады.

Жарысқа «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінен 70-тен астам әскери қызметшілер қатысты. Барлық қатысушылар жас топтарына сәйкес бөлінді. Ережеге сәйкес әскери спортшыларға 3-тен 10 шақырымға дейінгі қашықтықты шаңғымен өтіп, пневматикалық мылтықтан ату, сонымен қоса күш жаттығуларын орындау қажет болды.
Турнирге барлығы 4 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар жақсы нәтижелер мен керемет дене дайындығын көрсете білді, алайда жүлделі орынды тек мықтылары иеленді.
Президенттік көпсайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, екінші орынды Атырау гарнизоны командасы иеленді, ал Ақтау гарнизонының сарбаздары үшінші орынды қанағат етті.
- Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар Қарулы Күштердің құрама командасына үміткер спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді. Ең жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге спорттық разрядтар беріледі», - деді «Батыс» ӨңҚ дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков.
Осы чемпионаттың жеңімпаздары әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қарулы Күштердің ХVІІІ Спартакиадасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командасының атынан қатысады. Жарыстар Щучинск қаласында өтетін болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі




Көрілген: 1998    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 13:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Тамыз 2017
    Ерекше мереке

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28