Институттың үздік тәрбиеші офицерлері

Институттың үздік тәрбиеші офицерлері

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Елбасымыздың 1993 жылығы 19 қаңтарындағы №1084 қаулысымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары институты енгізілген болатын.  Тәрбие саласының офицерлері 25 жылдық кәсіби мерекесін атап өтуде.

Айтулы күнге орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығының тәрбие және идиология жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы подполковник Үмбетов Дархан Қаблашұлы институтымыздың 2017 жылғы оқу қорытындысы бойынша үздік тәрбиеші офицерлерін атады. Олар институттың тәрбие және идиологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Тлешбаев Дәурен Әуесханұлы және 5 курс курсанттар батальон командирінің тәрбие және идиология жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Құлжанов Ержан Кенесарыұлы. Подполковник Д.Тлешбаев қызметін 2002 жылы Гвардейский қаласының 15632 әскери бөлімінің материалдық қамтамасыз ету рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары ретінде бастап, тәрбие саласының барлық деңгейінен өткен тәжірбиелі офицер. Институт ішінде тәрбие жұмыстарына қатысты іс-шаралардың ұйымдастырылуына басшылық жасап, сапалы түрде өткізілуін қадағалайды. Жас буын офицерлерге әдістемелік нұсқаулар беріп, жеке құраммен жұмыс атқарудың қыр-сырларын түсіндіруден жалықпайды. Мінезі өте сабырлы, ашулануды білмейді десем қателеспеген болар ем. Қашан көрсең биязы қалпымен алдына көмек сұраған әскери қызметшіге жәрдем қолын созудан аянған емес. Осы мінезінің өзі тәрбиеші офицер үшін ең басты қасиеттің бірі дер ем.

Келесі кейіпкеріміз майор Құлжанов Ержан өзі тәрбиешілік ететін батальон курсанттарымен атқарылатын жұмыстардың бірін қалт етпей орындайтын тиянақты офицер. Құрлық әскерлерлерінің әскери институтының түлегі. Басшының үздік екенін бағыныштыларынан таныйсың. Ержан жетекшілік ететін батальон курсанттары спортта, өнерде, білімдеде алғыр. Институт қабырғасындағы зияткелік дебаттық клубтарына осы 5 курс курсанттары жетекшілік етеді. Қарулы Күштеріміз 25 жылдығын атап өту барысында, Астана қаласында өткен әскери парадта осы батальон курсанттары үздік шеру өнерін көрсетті. «Қаратау-2017», «Жауынгерлік достастық-2017»  оқу-жаттығуда аталған курс курсанттары қатыстырылды және жоғары тұрған басшылық тарапынан жақсы бағасы беріліп, институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы тарапынан марапатталған болатын. Осы жетістіктердің барлығы батальон басшыларының жемісі. Бірақта тәрбиеші офицердің тікелей міндеттерінің бірі болғандықтан майор Құлжанов Ержанның алар жеңісті орны бар.
Аталған екі офицердің қызметтік жолы мен өмірі бөлек болғанымен мақсаты біреу, ол егеменді еліміздің тәуелсіздігін қорғайтын, антына адал Отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуде аянбай еңбек ету дей келе, 19 қаңтар тәрбиеші офицерлер құрылған күнімен барлық әріптестерімді төл мерекесімен құттықтаймын. Отбасыларына амандық, дендеріне сауылық, қызметтеріне қажымас қайрат тілеймін.

Радиоэлектроника және байланыс

әскери-инженерлік институтының баспасөз

қызметінің бастығы запастағы майор Ербол Алибаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста