Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мәжіліс сайлауы: Шетелдегі сайлау учаскелерінде қанша қазақстандық дауыс берді

19 наурыз 2023, 19:43

ҚР ОСК мәліметінше, шетелдегі сайлау учаскелерінде шамамен 5 мың қазақстандық дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шетелде жүрген отандастарымыздың 42 пайызын құрайды. Жалпы, шетелде жүрген азаматтарымыздың саны - 12 016.

Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

"12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады. Сонымен қатар сайлауды бақылауға 246 шетелдік журналист қатысуда. Астана мен Алматы қалаларында "Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары" ашылды. Аталған орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бүгін таңертеңнен бастап байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерін білдіріп жатыр".

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко

Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 77 сайлау учаскесі орналасқан.