Рамазан айында спирттік ішімдіктер сатуға уақытша тыйым салу қажет пе?

Рамазан айында спирттік ішімдіктер сатуға уақытша тыйым салу қажет пе?

Әміржан ҚАЛИЕВ, Қазақстан арақ-шарап өндірісі мен өндірушілер қауымдастығының төрағасы:
– Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Қасиетті ораза айында спирттік ішімдіктер сатуға тыйым салынуы керек. Негізі, спирттік ішімдіктер қазақ халқының қанына жат. Басым бөлігі мұсыл­мандар тұратын халқымыздың салт-дәстүріне де сәйкес кел­мейтіні рас. Сондықтан Рамазан айында арақ-шарап өнімдерінің сатылымына уақытша тыйым салуға ешкім қарсылық білдіре қоймайды деп ойлаймын. Айта кетер жайт, соңғы кездері елімізде арақ-шарап тұтынушылар саны азайып келеді. Сондықтан елі­міздегі арақ-шарап өндірісімен айналысатындар өндірген алкоголь өнімдерін шетелге сатуға тырысуда. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылып, шетелге жіберілетін өнімдер көлемін арттыру бағытында жоспарлар жасалуда. Сондықтан бұл бастамаға арақ-шарап өндірісімен айналы­сушылар қарсы емес деп айта аламын.



Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстандық халал индустрия қауымдастығының президенті:
Әрине, Рамазан айында спирттік ішімдіктердің сатылуына уақытша тыйым салынуы керек. Тіпті өз басым Рамазан айында ғана емес, арақ-шарап саудасына барлық уақытта тыйым салса да қолдар едім. Мұсылмандыққа, имандылыққа жат мұндай дүниелер елімізде еркін саудада жүрмеуі тиіс. Ақыры жаппай сатуға тыйым сала алмайды екенбіз, ендеше халқымыз бір ауыздан Рамазан айында спирттік ішімдіктердің ішілмеуіне, сатылмауына, дастарқанға қойылмауына қолдау білдірсе нұр үстіне нұр болар еді. Мұсылмандық тұрғыдан ғана емес, спирттік ішімдіктердің қоғамымызға зиян екенін мамандар да айтып келеді. Мәселен, ораза айында спирттік ішімдіктерді сатуға уақытша тыйым салу кезінде жол апаттары мен қылмыс деңгейінің біршама төмендейтіні байқалған. Адамды жамандыққа бастайтын спирттік ішімдіктер бірте-бірте қолданыстан шығып қалса, тіптен дұрыс болар еді деп ойлаймын.


Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина ғылымының докторы, психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры:
– Қазір біз Рамазан айында спирттік ішімдіктер сатуға уақытша тыйым салсақ, еліміздегі басқа ұлт өкілдері мен басқа діннің ұстанымындағы адамдардың құқын бұзғандай көрінуіміз мүмкін. Сондықтан уақытша тыйым салудан гөрі, жаппай барлық уақытта арақ-шарап өнімдерінің бағасын көтеру, түнгі мезгілде сатылуға шектеу енгізу секілді жалпыға ортақ тыйымдар енгізсек, әлдеқайда пайдалырақ болар еді. Қазір спирттік ішімдіктер бағасы қолжетімді болғандықтан, жасөспірімдер де, қыз-келіншектер де ішімдікке әуес болып барады. Сондықтан уақытша тыйым салудан гөрі, бағасын қымбаттату, сатылым уақытына шектеу енгізу секілді шараларды қолға алсақ, әлдеқайда тиімді болар еді деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста