Спортшылар үшін ораза ұстау қиын ба?

Спортшылар үшін ораза ұстау қиын ба?

Мұсылман баласы үшін ораза ұстау бес парыздың бірі болғанымен, 30 күн ауыз бекітіп жүру спортшылар қауымында мүмкін бола бермейді. Дегенмен әртүрлі кедергілер мен қиыншылықтарға қарамастан, Ислам дінінің үшінші парызын барынша өтеуге тырысып жүрген сайыпқырандарымыз да жоқ емес.

Осыған орай, «Алаш айнасы» газеті спортшылар арасында Рамазан айына байланысты сауалнама жүргізіп шыққан еді. Әлбетте, сұрақтарымыз өте қарапайым болғандықтан, спортшыларымыз сауалнамаға өз үлестерін қосудан бас тартқан жоқ. Ал ораза ұстап, ауыз бекіткен саңлақтарымыз біз қойған сұрақтарға құлшыныспен жауап беріп жатты.
– Иншалла биыл ораза ұстауға бел будым, – деп көтеріңкі көңілмен жауап берді кәсіпқой бокстан әлемді мойындатқан саңлағымыз Марат Мәзімбаев. – Негізі, бұрындары да ниетім болғанымен, ауыз бекітуге тәуекел етпегенмін. Биыл бірінші рет ораза ұстаймын. Өз басым, қиын болмайды деп ойлаймын.
– Сіз ғой, былғары қолғабыңызды шегеге іліп қойғансыз. Ал спорттық ғұмырын аяқтай қоймаған спортшылар үшін 30 күн ораза ұстау қиын болуы мүмкін бе?
– Ешқандай да қиындығы жоқ деп ойлаймын. Тек үлкен додаларға қатыспаса болғаны. Меніңше, ораза ұстау қайта денсаулыққа пайдалы. Ағзаң тазарып, аузың артық нәрседен тыйылады.
– Биыл бірінші рет ауыз бекітуге ниет етіпсіз, қабыл болсын! Ораза ұстауыңызға не себепкер болды? – Бұрындары да ниетім болған деп айттым ғой. Қазір мұның парызын түсінген тәріздімін. Оның үстіне, мен араласатын ортаның өзі де дінге жақын. Мәселен, ағайынды Назаровтар да ауыз бекітеді. Менің шәкіртім Міржан Жақсылықов та ораза ұстауға бел буды. Иә, Назаровтардың ораза ұстап жүргендеріне біраз болғанын сіздер де білетін шығарсыздар. Тіпті спортшылар арасында «Ардақ пен Бейбіт Назаровтарды іздесең, мешітке бар» деген әзілдің тарап кеткені де рас.
Дәстүрлі түрде ауыз бекітіп, ораза ұстап жүрген саңлақтарымыздың бірі – Рүстем Іргебаев. Алайда ұзақ үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралған боксшымыз биыл ораза ұстамауға шешім қабылдапты. Оның себебін саңлағымыздың өзі былай деп түсіндірді:
– Соңғы сәтте ғана шешімімді өзгерттім. Өйткені маған Қазақстанда бірінші болу үшін аянбай жаттығып, көп тер төгу керек. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында ораза ұстау бақыты Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеевке де бұйырмай келеді екен.
– Бұрындары жаттығудан қолым босамайтын. Рамазан айы әрдайым турнирлермен тұспа-тұс келгендіктен, ораза ұстай алмағанмын. Ал соңғы екі жылда аллергия мазалап жүр. Соған байланысты дәрі қабылдап жүрмін. Өкінішке қарай, маған әлі ораза ұстау бақыты бұйырмай келеді, – деп жауап берді белгілі дзюдошымыз Асхат Жіткеев.
– Қалай ойлайсыз, ораза ұстау спортшылар үшін қиын ба?
– Егер Рамазан айымен спортшы қатысатын турнир тұспа-тұс келсе, қиын болады. Ал егер Рамазан айы турнирден екі-үш ай бұрын келсе, керісінше пайдасы мол деп ойлаймын. Бір қызығы, сауалнама жүргізе отырып, байқағанымыз, спорт түрлерінің ішінде футболшылардың арасында ораза ұстайтындары өте сирек кездеседі екен. Мәселен, біз сұраған футболшылардың бірқатары ораза ұстамайтын болып шықты. Оның себебін білікті маман, «Тараз» футбол клубының жаттықтырушысы Нүркен Мазбаев былай деп түсіндірді:
– Футболда ойын апта сайын өтеді. Кейде футболшылардың бір аптада екі матчтан ойнайтын кездері болады. Оның үстіне, күн сайынғы жаттығуы тағы бар. Сондықтан болар, көп футболшылар ауыз бекітуге тәуекел ете бермейді.
– Егер командада футболшылар ораза ұстаймын десе, оған бапкерлер тарапынан жеңілдіктер қарастырыла ма?
– Негізі, ислам дінінің өзінде көптеген жеңілдіктер қарастырылған ғой. Мәселен, футболда ойыншы бос күндері немесе демалыс күндері қазасын өтеуге болады. Футболда бір айлық демалыстар бар. Сол кездерде де қалып кеткен күндерін толықтыра алады. Ал егер қаза қылмаймын, шыдаймын десе, өз еркі. Ешкім қарсы болмайды. Былтыр мен бірінші лига клубын жаттықтырып жүргенімде екі-үш шәкіртім ораза ұстаған. Өзіме келер болсам, жұмыс бабына байланысты кей жылдары ораза ұстап, кей жылдары жіберіп алып жүрмін. Міне, спортшылар арасында жүргізген сауалнамамыздың қорытындысы осындай. Бір байқағанымыз, спорттық ғұмырын аяқтаған спортшылар ораза ұстаудың қиын еместігін айтса, жастар жағы жаттығулардың кедергі болып жатқанын айтып ақталатын сияқты. Десек те, егер ауыз бекітуге шынымен де жағдайы болмай жатса, онда Нүркен Мазбаев айтпақшы, ислам дінінде бұған да жеңілдіктердің бар екенін ескерген жөн. Египеттің астанасы Каирде орналасқан «әл-Азхар» мұсылмандар университетінің дін иелері футболшыларға ораза ұстамауға рұқсат беретін қаулы шығарды. «әл-Азхар» университеті дін иелерінің айтуынша, егер Рамазан айы кезінде футболшының күн кестесінде ойындар тұрса, футбол спортшының жалғыз табыс көзі болса, сондай-ақ ораза ұстау футболшының спорттық бабына нұқсан келтіретін болса онда футболшы ауыз бекітпей-ақ қойса болады. Дегенмен демалыс күндері қазасын өтегені абзал екенін де ескерте кетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста