Ұжым басшыларының ауызашар беруін дәстүрге айналдыруды міндеттеу керек пе?

Ұжым басшыларының ауызашар беруін дәстүрге айналдыруды міндеттеу керек пе?

Міне, күллі мұсылман баласы асыға күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл ай – қасиетті Құранның құтты аяттары түсе бастаған, жасалған ғибадаттары үшін еселеп сауаптар жазылатын, тілеген дұға-тілектер қабыл етілетін мүбарак ай. Сондықтан бұл айда мұсылман баласының басым көбі ораза ұстап, ауызашар беруге, сауапты іс жасауға асығады. Бүгінгі таңда кейбір шенділер, басшылар қол астындағы қызметкерлерге ауызашар беруді дәстүрге айналдырып келеді. Алайда бұл жалпы қоғамдық дәстүрге айналмай отыр. Осы ретте кейбір мамандар «Ұжым басшыларының ауызашар беруін дәстүрге айналдыруды міндеттеу керек» дегенді алға тартып жүр. Шынында да, осылай ету керек пе? Бұл ретте мамандар пікірі екіге айырылды.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
иә

– Кез келген мекеме басшысы өзінің ұжымының ынтымақта, та­ту­лықта, бірін-бірі түсініп, айран­дай ұйып отырғанын қалайды. Ал ислам діні әрбір адамды тек жақ­сы­лыққа, имандылыққа, адам­гер­шілікке тәрбиелейтінін ескерсек,қасиетті ай саналатын – ора­­зада ұжымға ауызашар беру – үл­кен нығмет. Егер ауызашар беру әрбір басшының дағдысына ай­налатын болса, онда ол ұжым­да береке-бірлік, ынтымақ, ұйым­­шылдық, татулық орнай­ты­ны сөзсіз. Сондықтан ұжымның ауыз­біршілігін сақтау үшін осын­дай қасиетті айда әкімдерге, ат­қа­мінерлерге ауызашар беруді мін­деттесек, оның еш сөкеттігі жоқ деп есептеймін.
Біріншіден, ора­за, ауызашар беруге мейрам, салт-дәстүр ретінде қарауымыз керек.
Қазір шүкір дейік, тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап қайта оралған ата дініміз – Ислам елімізде едәуір қарқынды дамып келеді. Оның жарқын мысалы – еліміздің түкпір-түкпірінде күн санап ашылып жатқан мешіттер мен медреселер, Алланың жердегі үйі болған бұл қасиетті мекендерге келіп, Аллаға мінәжат етіп, сәждеге бас қоюшылар қатарының көбейіп келе жатқандығын айтуға болады. Сондай-ақ халқымыздың ынтымақ бірлігі артып, көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері дүрдараз болмай, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Мұның барлығы дініміздің діңгегінің берік қаланып келе жатқандығынан десек артық айтқандық емес.
Жалпы, ауызашар беру – өте үлкен сауап. Тіпті жолда кетіп бара жатып, кез келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына кенеледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» деген. Яғни, амалдардың ең құндысы – бір мұсылманды күнәдан арылту, қарнын той­дыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту. Тіпті Ал­ланың өзі тамақ жегізетін жомарт құлымен періште­леріне мақтанады. Тағы бір хадис шарифте былай делінген: «Досына оның жақсы көретін тамағын әпер­ген адамның күнәлары кешірі­леді». Демек, дос-жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады.
Қалай десек те, Рамазан тек асқазанға дамыл беріп, денсаулықты түзету ғана емес, бұл – жан дүниемізді тазарту, яғни рухани денсаулығымызды емдеу болып табылады. Сондықтан ауқатты кісілер, әкімқаралар, әртүрлі мекеме басшылары өздерінің ұжымдары арасында ауызашар беріп, кедей-кепшіктерге көмектесіп отыр­са, бұл адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ерекше сезімге бөлейтіні сөзсіз.

Мұрат ӘБЕНОВ, Қоғам қайраткері:
жоқ

– Біз қандай жағдай болмасын, міндеттеу дегеннен қашуымыз керек. Біріншіден, дінімізде зорлық жоқ. Екіншіден, біз шариғат заңымен жүретін мұсылман елі емеспіз. Ата заңымыз бойынша біз зайырлы құқықтық мемлекетпіз. Сондықтан бұл жерде әкімдерге болсын, ұжым басшыларына болсын «сен ұжымыңа ауызашар бер» деп міндеттеуіміз дұрыс емес. Бұл әркімнің өзінің ниетіне байланысты болуы тиіс. Егер ниет түзу болса, әрбір адам өзінің жүрек қалауымен ауызашар беретін болса, сонда ғана оның әрекеті қабыл болады. Егер ниеті дұрыс болмай, мекеме басшыларын міндеттейтін болсақ, мұның арты бәрібір жақсылыққа әкелмейді.
Сондықтан мұны міндеттеп емес, әркімнің өз еркіне қалдырған жөн. Дегенмен бұл ретте біз оразаның, ауызашар берудің үлкен сауапты іс екендігін көпшілікке насихаттай беруіміз керек.
Егер біз мұны мәжбүрлі түрде орындайтын болсақ, онда мұның арты түрлі түсініспеушіліктерге әкеліп соғады. Кейбір басшы­лар ауызашарда дінді наси­хат­таудың орнынан концерт қойып, арты кешкі отырыс­қа ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан біз алдымен оразаның, ауызашардың құндылығын, үлкен сауапты іс екендігін көпшілікке жан-жақты насихаттайтын болсақ, онда бұл әрбір ұжымда мәжбүрлеусіз-ақ орындалатын болады.
Мен мекемелердің жұмысын бір кісідей білемін, қазір бір бастыққа осыны тапсырсақ, ол көп жағдайда өз қалтасынан ауызашар жасамайды. Барлық қызмет­керлерін алдына шақырып алып, әрқай­сысына салық салады. Оның үстіне, бізде әртүрлі діннің өкілдері бар, кейбіреуі ауыз­ашарға қатысқысы келмейді, енді біреуінің отбасылық жағдайы нашар, бұған қатыс­ты арнайы қаражат бөлінбегеннен кейін, мұның арты түрлі дауларға ұласуы мүмкін. Сол себептен міндеттеп ауызашар жасату дұрыс емес. Бірақ қоластындағы ауыз бекіткен қызметкеріне жағдай жасау, ораза кезінде ондай адамның жұмыс сал­мағын жеңілдетіп, кабинетіне салқын­датқыш қосып беріп, реті келгенше ауыз бекіткен қызметкерін сыртқа көп жібер­мей мүмкіндік жасаса, осының өзі үлкен қолдау деп есептеймін. Таңнан күн батқанға дейін ауыз бекіту оңай емес. Сондықтан ондай жандарға құрметпен қарап, жұмысына ыңғайлы жүктеме беріп, олардың көзінше шай-тамақ ішпей, көңілін алаңдатпай жүруіміз керек. Бізде ауыз бекітудің сауапті іс екендігі, ораза ұстаудың қыр-сыры толық айтылады да, алайда ауыз бекіткен адамдардың қасында жүргендердің ораза ұстағандарға қалай жағдай туғызу керектігі туралы ақпарат мүлдем аз. Сондықтан осы жағы­нан да үгіт-насихат жұмыстарын көбірек жүргізгеніміз дұрыс секілді.

Бейтарап пікір
Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
– Қасиетті айда ауызашар беруді міндеттеу біздің заңымызда жазылма­ға­нымен, бұл – Алланың құлдарына жеткізген міндеті. Сондықтан жағда­йы келген әрбір адам, оның ішінде ұжым басшылары ораза айы кезінде ауыз­ашар беруді дәстүрге айналдырса, бұл өте қуанарлық іс болар еді. Қа­зір Қазақстанда ислам дінін ұстанатындар басым. Осындай сұрақтың туын­дауының өзі біздің қоғамда ислам құндылықтарының жоғары екен­дігін аңғартады. Сондықтан бұл реттегі үгіт-насихатты біз көбірек жүргі­зе­тін болсақ, ұжым басшылығында өз Отанын сүйетін, дініне берік адамдар оты­ратын болса, уақыт өте келе бұл міндеттеусіз-ақ дәстүрлі түрде өздігінен орын­д­алатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста