Қазақстанның қару-жарақ потенциалы қандай?

Қазақстанның қару-жарақ потенциалы қандай?

Әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңіне, яғни 2008-2009 жылдарға дейін қорғаныс саласына бөлінген қаржы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-дағы үшінші ел болып саналып келген. Ал соңғы жылдары бұл көрсеткіш өспесе, кеміген емес. 2010 жылғы әскери бюджет 171 млрд теңгені құраса, 2011 жылы 200 млрд теңгеге (1,3 млрд доллар) жеткен. Өткен жылы Global Fire Power агенттігі әлем елдерінің әскери потенциалының рейтингісін жариялаған болатын. Онда Қазақстан қаржыландыру жағынан ТМД елдері ішінде Ресей мен Өзбекстанға жол берсе, Украина мен Грузияны басып озған екен. Сондай-ақ елімізде жыл сайын әскери техника мен қару-жарақ паркінің 7 пайызы жаңаланып отырады. Мәселен, бұлайша кез келген көршілес мемлекет мақтана алмайды. Қалай дегенмен де Қазақстан жоғары әскери потенциалы, болашақта өз жағдайын жақсартуға толықтай мүмкіндігі бар ТМД-дағы бестіктің бірі болып саналады.
Соңғы жылдары Қазақстан әскерінің техникалық-технологиялық қамтылуы жағына барынша басымдық беріліп жа­тыр. Мемлекет басшысы әрі Қазақстан Қа­­рулы Күштерінің Бас қолбасшысы Н.На­­зарбаев бір сөзінде: «Қазір әлем саны көп армияны қажет етпейді. Ыңғайлы, ұт­­қыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі мол күш керек. Әскерімізбен халқымыз мақ­та­­натындай болсын» деп мәлімдеген еді. Сол себепті отандық әскери-өнер­кәсіп ке­­шені еліміздің басты – Үдемелі ин­дус­триял­дық-инновациялық даму бағ­дар­ла­масына етене кіріктірілген. Осы жа­ғы­нан алғанда, қуатты елге қауқарлы қа­­ру-жарақ, заманға сай техниканың бо­луын Елбасымыздың өзі де қадағалап отыр десек болады. Демек, еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жос­­­пары мен 2010-2014 жылдарға ар­нал­ған қарқынды индустриял­дық-ин­но­ва­циялық бағдарламасында машина жа­сау саласын, оның ішінде қорғаныс кә­­сіп­­­орындарын дамыту шара­ларының қа­­­растырылуы да кездейсоқтық емес. Отан­­дық кә­сіпорындарды қолдау мақ­са­тында «Мемлекеттік қорғаныс тап­сы­ры­сы туралы» Заңға енгізілген бірқатар өз­ге­рістер де бұл салаға ерекше екпін бер­­ген. Ол жаңашылдық қорғаныс тап­сы­­рысын орындаушыны бі­р­ін­ші кезекте отандық тауар өндірушілер арасынан таңдауға ба­сымдық береді.
Мысалы, биыл 2009 жылмен салыс­тыр­ғанда, аталған саладағы қазақстандық үлес бойынша тапсырыс жеті есеге өскен. Демек, әскери өнімдердің қазақстандық қамтуды арттыруға, өнімдерді дамыту мен жаңартуды жүзеге асыруға мүм­кін­діктер жасалуда. Оған басты үлес қосушы – «Қа­зақ­стан инжиниринг ҰК» АҚ. Бұл компания холдингтік құрылым ретінде бір­неше қор­ғаныс өнеркәсібі кешендерінің басын бі­рік­тіреді. Оның құрамына 29 еншілес және тәуелді кәсіпорындар кі­реді. Оның 17-сі қа­ру-­жарақ пен әскери техника, сондай-ақ мұ­най-газ, те­міржол, агроөндіріс, жы­лу эн­ергиясы кешендеріне арналған өнім­дер­ді шығарып, күрделі жөн­деу жұ­мыс­тарын да жүргізеді. «Қазақстан инжини­ринг» ұлттық компаниясы 60 пайыз азамат­тық және 40 пайыз әскери өнімдер шыға­рады. Қысқа уақыт ішінде бұл компанияға енетін барлық кәсіпорынның шоғырланған табы­сы 50 млрд теңгені құрапты.
Негізінен, бізге Кеңес Одағынан 50-ге жу­ық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары мұра бо­лып қалған еді. Бірақ Тәуелсіздіктің қиын-қыстау сәтінде оларды қаржылан­ды­ру қысқар­тылып, конверсияны жүзеге ас­ыру проблемасы туындаған. Ша­руа­шылық байланыстар мүл­дем үзіліп қалған. Алайда елі­міз­дегі барлық мемлекеттік ор­ганның белсенді жұмысы, әс­­ке­ри-тех­ни­ка­лық саясаттағы тың серпіліс соңғы жыл­дары әлеуетті құрылымдар мен әскери мақсаттағы отандық өн­дірушілер арасын­дағы өзара іс-қимылды қалыптастырды. Нәтижесінде, ресми мәліметтерге сүйен­сек, бүгіндері Қарулы Күштер қажеттілігі үшін оқ-дәрілер шығару бір жолға қойыл­ған. Петропавл және Семей қалаларын­дағы «Қазақстан инжиниринг» ұлттық ком­паниясының өнді­рісінде жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар қолдағы бар әскери техниканы же­тіл­діру де жүзеге асырылады. Бұл ретте БТР-80 бронетранспортерін мысал етуге болады. Сол секілді өткен жылы алғаш рет отандық кәсіпорын шығарған Еврокоптер «ЕС-145» тікұшақтары және Каспий теңі­зін­де «Қазақ­стан» атты отандық тұңғыш зымырандық-артиллериялық катер пай­далануға берілді. Байланыс құралын өнді­ретін біріккен кәсіпорындар да құрылған, таяу болашақта ұшқышсыз ұшатын аппа­рат­тар жасап шығаратын боламыз, опти­калық-электрондық және радиолока­ция­лық жүйелер, ұшақ пен тікұшақтың жаңа модельдерін жасауға мүмкіндік алдық. Сол секілді Астана қаласында әуе-техника­сының сервис орталығының да құрылысы жүргізіліп жатыр. «Батыс Қазақстан маши­на жасау компаниясы» АҚ жоғары техно­ло­гиялық өнімдер разрядына жататын авиа­циялық қозғалтқыштарға күрделі жөн­деу жасап келеді. Жалпы, соңғы үш жыл ба­рысында тек технологиялық база­ны жаңарту үшін 15 млрд теңге қаржы жұм­салыпты. Бұл арада отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға 2010 және 2012 жылдары еліміз өткіз­ген KADEX халық­ара­лық қа­ру-жарақ және әскери техника көр­ме­сінің үлкен септігі тигенін баса айта ке­те­лік. Ол қазір халықаралық көрмелер ті­зі­міне енген. «Талес Қазақстан Инжини­ринг» УКВ және тактикалық звенодағы КВ-­диапазонындағы үшінші және төртінші буындағы радиобайланыс құралдарын жа­сап шығаратынын да баса айта кетелік. Сол секілді он шақты әуе бұйымын экс­порттайды екенбіз: ол ТМД әуе құрылысы және әуе кемесін жөндеуші кәсіпорындарға қажетті агрегат-жабдықтар және т.с.с. Бү­гіндері суасты торпедосын Ұжымдық келі­сім­шарт қауіпсіздік ұйымы елдеріне экс­порттайды екенбіз. Ресей тарапы Ауған­стан­нан және Түрікменстаннан қайтқан әс­ке­ри техникасын күрделі жөндеуді Қа­зақ­станға табыстап отырғанға ұқсайды. Сон­дай-ақ отандық кәсіпорындар жеңіл мо­тор­лы ЯК және АН ұшақтарын, тікұшақ­тарды, брондалған техникаларды, сы­йым­дылығы 500 тоннаны құрайтын кеме­лерді күрделі жөндеуден өткізе алады. Бұл отандық өндіріске қатыстысы, ал экс­порт­тан ең үздік қару-жарақ түр­лерін де тұ­тынаты­нымызды мақтанышпен айту­ға болады. Өйткені кез келген мемлекеттің қымбат әрі ұтқыр әскери техниканы, қару-жарақты са­тып алуға мүмкіндігі бола бермейді. Мы­салы, құрлық әскерлерінде «Хаммер» автокөліктері мен бронды доңғалақты «Коб­ра» машиналары көптеп қолданы­лады. Қару-жарақ қатарынан «Солнцепек» ауыр отты жүйесін, БМПТ танктері мен БТР-82А бронетран­спор­терлеріне көмек көрсетуші соғыс маши­на­ларын көруге болады.
Таяуда Астана қаласының әуе базасына Испаниядан Airbus еуропалық әуе концер­нінің екі С-295 ұшағы келді. Қазақстанның 20 жылдық Тәуелсіздігі барысында елі­міз­дің әскери әуе күштері паркі алғашқы рет мұндай жаңа буындағы ұшақпен қамтама­сыз етіліп отыр. С-295 – әлемдегі бүгінгі таң­дағы ең мықты ұшақтың бірі. Қазақстан ТМД елдері ішінде оған алғашқы тапсырыс беруші мемлекет болып табылады. Оның ерекшелігінің бірі ретінде қозғалтқыш қуа­ты, маневрді жылдам жасауымен қатар, сыйымдылығын атауға болады: оған 71 әс­кери қызметкер немесе 48 десантшы не болмаса 244 медициналық қызметкерімен қоса, 24 зембіл тасушы, тағы болмаса 9,2 тон­на жүк сыйып кетеді. Аталған ұшақты игеру мақсатында Испаниядан ұшқышта­ры­мыз да арнайы теориялық және прак­тикалық білім алып қайтыпты. Жоспар бо­йынша, 2018 жылдың соңына дейін Қа­зақ­стан Қарулы Күштері тағы осындай сегіз ұшақпен толыға түсуі керек. Әскери-әуе күштерінде көпфункционалдық СУ-27 ат­қыштары бар, соңғы кездері олар тек күр­делі жөндеуден өткізіліп қана қоймай, жаңаланды да. Олар бүгіндері «4+» буын­дағы ұшаққа жатқызылады. Енді көп­функ­ционалдық МИГ-35 атқыш-ұшағын алуға таңдау түсіп жүр екен. Жалпы, соңғы кез­де­рі елімізге әскери техника мен әскери жаб­дықтар Ресейден, Украинадан, Түр­киядан, Финляндиядан, Қытайдан, Болга­риядан, Польшадан, Голландиядан, Испа­ниядан алынып отырған.
Жалпылай алғанда, әскери техника жә­не қару-жарақпен қамтылу әскердің үш саласы: жердегіге, көктегіге және теңіз­де­гі­ге бағытталған. Келесі кезек – ғарыш құ­ра­масын дамыту. Бұл таяу болашақтың ен­шісіндегі дүние деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста