Отбасы - ошақ қасы

... Мен баламызбен серуендеп жүрген кезде ол көңілдесімен қыздырып жүріпті

  • ... Мен баламызбен серуендеп жүрген кезде ол көңілдесімен қыздырып жүріпті

    ... Мен баламызбен серуендеп жүрген кезде ол көңілдесімен қыздырып жүріпті

 Келіншек Құдай қосқан жарының жарты жылдан бері көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған. Оның сөзінше, жұбайы бала-шағасы барына қарамастан көңілдесімен әр кеш сайын уақыт өткізген. 


Әйел адам отбасылы екеніне қарамастан басқа жанмен көңіл жарастырған күйеуінің іс-әрекетіне налыды. Оның айтуынша, жұбайының көңілдесі де оның отбасылы адам екенін біле тұра осындай қадамға барған екен.


"Жуырда күйеуімнің көзіме шөп салып келгенін білдім. Аяғымның ауыр екеніне, баламыздың бар екеніне қарамастан опасыздық жасады. Тек кана опасыздық жасамай, ол қызбен жарты жыл жүріп жүрген. Мен баламызбен серуендеп жүрген кезде ол көңілдесімен қыздырып жүрген. Қыз да менің бар екенімді білген", - деді келіншек.

Опасыздыққа шыдамай төркініне кетіп қалған келіншек күйеуімен қайта қосылуға бата алмайтынын жеткізді. Ол өзіне сатқындық жасаған адамға суынып қалғанын да жасырмады.


"Екі апта бұрын төркінімнің үйіне кетіп қалдым. Екі рет қайта оралуымды сұрап, алдыма келді. Тағы бір мүмкіндік беруін сұрады. Мен оған қайта қосылсам да, оның опасыздығын ұмыта алмайтынымды білемін. Бірақ өмірде жалғыз қалып қоямын ба деп те қорқамын. Оған сенбеймін", -дейді кейіпкер.


kaz.nur.kz




Көрілген: 2804    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 22:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30