Отбасы - ошақ қасы

12 жылдан бері перзент сүйе алмаған шымкенттік ана үшемді дүниеге әкелді (фото)

  • Фото:  ©Серік Қосаев

    Фото: ©Серік Қосаев

Шымкенте қос бірдей үшем дүниеге келді. Олардың анасы 33 жастағы Аида Баянболова мен 22 жастағы Гүлмира Қуандықова деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


33 жастағы Аида Баянболова 12 жылдан бері перзент сүйе алмай келген. Енді Аида Айзере, Алуа, Айзия есімді үшемнің анасы.


"Мерзімінен бұрын дүниеге келген үшемнің өкпесі дұрыс дамымай туғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір балалардың денсаулығы жақсы, салмақ та қосты. Анасына үшемге қалай күтім жасау қажеттігін түсіндірдік", - дейді Шымкент қалалық перинаталды орталықтың жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Насиба Қорғанбаева.



22 жастағы Гүлмира Қуандықова екі қыз, бір ұлды дүниеге әкелді.


Оларға үшемге Сәбина, Әлинұр, Адина деп ат қойыпты. Сәбилер ай-күніне жетпей туғанымен, ақ халаттылардың арқасында қазір жағдайлары жақсы. Жас ана перзентхана дәрігерлеріне алғысын жеткізді.



Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная аналарға ыстық ықыласын жеткізіп, балаларының сау болып өсуіне тілектестік білдірді.


"Босанған ана мен нәрестелердің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болды. Перзентханадан шыққан соң да емхана мамандарының жіті назарында болады," - дейді дәрігер.

Шымкентте жыл басынан бері 10 мыңнан аса сәби дүние есігін ашқан. 




Көрілген: 1121    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31