Отбасы - ошақ қасы

15 жасында бір топ жігіт төрт күн бойы зорлаған бойжеткен әділдік іздейді

  • "Кел, татуласайық" бағдарламасы

Алтынай Махмұтқызы 15 жасында төрт жігіттен жыныстық зорлық көрген. Айтуынша, олар төрт күн бойы құбырға байлап қойып білгендерін істеген. Осыдан кейін аяғы ауырлап, ауруханаға барғанда дәрігер лифтіде арам ойын іске асырған. Қазіргі уақытта кінәлілердің бірі де жазаға тартылмапты. Stan.kz тілшісі 18 жастағы Алтынаймен тілдесіп, оқиғасын тыңдады.

 

"Кел, татуласайық" бағдарламасының кейіпкері қазір Алматыда әкесі мен үш ағасымен тұрып жатыр. Шымкент қаласының тумасы. Ата-анасы үш айлық нәресте кезінде ажырасып кеткен.

 

Үш айлығымнан бастап әкем бақты

 

Әкем екінші әйел алған жоқ. Әкем бар ауыртпалығымды көтерді. Басында әкем өз отбасымен бірге тұрды. Бірақ отбасылық кикілжің көбейіп бөлек шығуға тура келді. Үйсіз-күйсіз далада қалып қалдық. Біреудің үйінде қызмет істеп, бақшасында тұрдық. Кейбір кездері мектепке киетін киім болмай қалатын.

 

Әкемнің қарындасы Наргиза деген қарындасының менен үлкен Перизат атты қызымен бірге өстім. Ең жақын құрбым, сырласым болып кетіп еді. Әкеме, бауырларыма айтпаған сырыммен бөлісетінмін. Перизат үйдегілерімен сыйыспай қала беретіндіктен маған серік болсын деп бірге тұрдық.

 

2015 жылы сол әпкем қайтыс болды. Оның өлімі қасақана жасалды. Суына у қосып берген. Оның өлімі маған қатты ауыр тиді. Көпке дейін күйзеліп жүрдім.

 

Үйдің ең кенжесі, ең еркесі - мен. Әкем кішкентай кезімнен мейірімділікпен ерекше қамқорлықпен қарады. Бірақ ағаларыммен теңдей ұрысып отыратын. Кінәм болса, ұрысатын. Ағаларым да мектепте қорғап, қолпаштап жүрді.

 

Алып қашамын дейтін жігіттер көп болды

 

Бой жете бастаған соң, әкем мені Наргиз әпкемнің үйіне жіберді. Олар Шымкент қаласында тұрады. Кішкентай балалары бар. Сол үйдің тірлігі мен баласына қараймын деп, сабақтан көп қалдым. Әпкем дүкенді жалға алып зат сататын.

 

Сегізінші сыныпты бітіріп, үш ай демалыста үйіне көмектесуге келдім. Сол кезде "қазірден құда түсіп қояйық, басқа жігіттер алып қашып кетер" деп маған сырға салғысы келетіндер көбейді. Неге екенін Наргиз әпкем де әкеме  "қызыңды тұрмысқа ерте берейік" деп екі-үш рет айтқан екен. Көшеге шықсам алып қашам дейтін жігіттер көп болды.

 

Жездем де, әпкем де көшеге көп шықпа деп ескертетін. Наргиз әпкем түскі үзіліске шыққанда дүкенде мен тұрдым. Сол дүкенге Ғалымжан атты 25 жастағы жігіт қайта-қайта келе берді. Кішкентай болған соң, аға деп сыйлайтынмын.

 

Төрт жігіт ауыл сыртына апарып білгенін істеді

 

Бір күні Наргиз әпкем жоқ болып дүкенге шықтым. Тапа-тал түс, күн қатты ыстық. Бәрі үйіне кіріп кеткен. Үстімде аппақ шалбар кигенім есімде. Көшеде кетіп бара жатқанда қасыма көлік тоқтап, ішінен үш жігіт түсіп, мені қол- аяғымнан ұстап көлікке отырғызды. Қатты айқайлап, шыңғырып көмек сұрағаннан не пайда, бәрі үйінде. Ешкім естімеді. Шыны керек, іштей алып қашып бара жатыр екен деп ойладым.

 

Машинада "мен әлі 15-темін, кішкентаймын ғой" десем ешкім үндемейді. Көзімді байлап алып кетті. Ауылдың сыртындағы ескі ғимарат болды. Сол жаққа апарды.

 

Зорлаған кезде аяқтарым ұйып ауырды. Денем ауырып тұрды. Қатты бақырып, шыңғырғаннан тамағым ашып, даусым өшіп, үнім шықпай қалды. Бірінші адам өз "тірлігін" бітірген соң, қалғандары пайдалана бастады. Қашайын деп тырмаланғаныммен жанында жолдастары қолымнан басып ұстап тұрды. Көзімді байлаған күйі білгендерін істеп зорлады... (ауыр күрсініп - ред.)

 

Құмарларын қандырып болғанан кейін құбырға байлап қоятын. Сосын өздерінің мәселелерін, өзара келіскен ақшаларын ақылдасатын. Есірткі шегетін. Қолым шешіліп кетіп, қашып кетем деп ойлағанда маған жүгірген баланың тамырлары көгеріп кеткенін байқадым. Ол мені қылқындыра бастады. Оның түрін көріп үлгермесем де ол түрімді көрді деп қатты сасқалақтап қалды. Анау бала қатты ашуланып мені асып қоймақшы болғанда біреу келіп, "бұл қыз әлі бізге талай пайда әкеледі, өлтірме" деп екеуі дауласып кетті.

 

"Айтқан уақытта шықпасаң, өлтіріп кетеміз"

 

Сол күні кешке жақындағанда: "Егер біз шақырған кезде шықпасаң, біздің шартымызға көнбесең, қалаған уақытымызда өлтіріп кетеміз. Полицияға арыз жазып, әпкеңе айтып, қалғаныңды істесең болады, бірақ біз сені қайда барсаң да өлтіруге шамамыз жетеді. Ешкімге қарамаймыз", - деп қорқытты. Зәр иманым қалмады. Әйтеуір бір күні жібереді екен деген үміт болды. Көлікке отырғызып, әпкем мен жездем жұмыстан қайтқанға дейін  үйден алысырақ жерге қайта әкеп тастайтын.

 

Машинадан түсіп көзімді шешкенде аппақ шалбарым қып-қызыл қан екенін байқадым. Үйге амалдап жетіп, шалбарымды жуып іліп қойдым.

 

Әпкем шалбарыңа не болды дегенде етеккірім келді деп алдадым. Ішімдегіні, басымнан өткен сорақылықты айта аламадым. Әпкеме айтсам, үйден қуып жібереді деген ой болды. Ішімде қандай қиналып жатсам да ешкімге айтқым келмеді. Күнделікті түк болмағандай жүре бердім.

 

Бұл жолы басқа жігіттер ...

 

Ертесіне түске жақын уақыт болды. Әпкемнің балалары үйде. Мен үй жинап, тазалап жүрдім. Сіңілім сыртта ойнап жүрген. Сөйтіп терезе жақтауына "қазір шықпасаң, сіңіліңді өлтіреміз" деп жазып кеткен қағазды көрдім. Сыртқа қарасам басқа көлікпен келген бес жігіт тұр. Сырттағы сіңлімді үйге кіргізбекші болып, үлгермей қалдым. Олар мені көлікке салып, алып кетті. Ал сіңілім осы уақытта үйге кіріп кетеді.

 

Бұл жолы басқа жігіттер екенін байқадым. Бірақ кешегіден бір жігіт бар. Содан басқасының бәрі ауысқан. Ол күні де қатты қиналдым. Бірінен кейін бірі зорлап, білгенін істеді. Олар, тіпті, мені саудалап жатқанын да естідім.

 

Әбден құмарларын қандырып болған соң, "неге шық дегенге шықпайсың" деп мені тергей бастады. Неге мен, әлі кішкентаймын деп жыларман болып жіберулерін сұрап жалындым. Содан олар менің анамның жоқтығын, әкемнің ауру екенін, ағаларымның ештеңе істей алмайтынын айтып, мені ең оңтайлы "олжа" екенімді айтты.

 

Сол күні үйге алып мені көліктің есігінен итеріп жатқанда "Ғалымжан" деп іштегі біреуінің аузынан сөз шығып кетті. Ішімнен мен білетін адам болмаса екен деп тіледім.

 

"Сені сатып, пайда көріп жатырмын"

 

Үшінші күні "қызық" болды. Дүкенге келгіштеп жүрген Ғалымжан үйге кіріп келді. Бұған дейін де Наргиз әпкемнің баласын спорт мектепке баруына көмектесемін деп жүретін. Әпкеммен де жақсы араласатын. Үйге келіп, інімді "денеңді қыздырып, жүгіріп кел" деп сыртқа шығарып жіберді.

 

Мен Ғалымжанға болған жағдайды айтқым келді. Құтқаратын шығар деп ойладым. "Аға" деп енді әңгімемді бастағалы жатыр едім, аузымнан қатты басып, есік алдында тұрған көлікке тықты.

 

Сол күні көзімді ашып түрлерін көрсетті. Өзім танитын Ғалымжан екен. Өкіріп жылағаннан, есімнен танып қала бердім. Менің Ғалымжанға деген іштей ықыласым болғанын жасырмаймын. Бүкіл тағдырым бұзылып кетті. Еркек атаулыға жек көрініш пайда болды.

 

"Мен сені сатып, пайда көріп жатырмын. Сені пайдаланбағанда кімді пайдаланамын. Менің түрімді көрдің, қайда шағымдансаң да тауып алып өлтіремін" деп қорқытты. Бұрын да осылай қыздарға жасаған екен. Оның көкала қойдай етіп ұрып тастаған суретін, видеосын көрсетті.

 

Төртінші күні де мені алып кетпекші болды. Есік алдында жүрген мені көлікке салып әкетіп бара жатып, дүкеннен Наргиз әпкемнің үйге келе жатқанын байқайды. Осы жолы арам ойлары іске аспай үйге қайта әкеп тастайды. Әпкем не істеп жүрсің дегенде өтірік сылтау айта салдым. Шамалы уақыттан соң, әкем мен Наргиз әпкем қатты ұрысып, мені құрбысы Гауһардың үйіне уақытша тұруға апарады.

 

Аяғым ауыр екенін білсе де, әкемнің досының ұлы зорлады

 

Әкем мен ағам Ресейге жұмыс істеуге кеткенде мені Гауһар деген кісінің үйіне тастап кетті. Ол үйдің ажырасқан үлкен ұлы Қанат анасы мен қарындасы тойға кеткенде ішіп келіп, мені зорлады. Сол аралықта аяғым ауыр екенін білдім, ауыл шулап кетті, мектепке де бара алған жоқпын. Гауһар іштегі баланы Қанаттан деп, екеумізді қосқысы келді. Қанатқа тұрмысқа шыққым келмейтінін, аяғым жігітімнен ауыр екенін айттым.

 

Солай 15 жыл көрмеген анама бардым. Ол мені жылы құшақпен қарсы алды деп айта алмаймын. Әкем менің жағдайымды естігенде инсульт алып қалды. Әкем келген соң бала Ғалымжаннан екенін айттым. Тексерілуге барғанда ішімдегі бала 5 айлық екенін білдім. Әкем арыз жазды. Ғалымжан келіп әр күні әртүрлі мәлімдеме жасады. Содан полиция бөлімшесінің бастығы шақырып алып, мені қорқытты. Егер бала Ғалымжандікі болмай шықса, ағам мен әкеңді түрмеге, өзіңді балалар үйіне жіберіп, балаңды тартып алып қояды деп айтты. Кейін мені аналар үйіне өткізуге шешім қабылдайды.

 

Мені қарайтын дәрігер де лифтіде жәбір көрсетті

 

"Аналар үйінде" қатты ауырып жүрдім. Жедел жәрдеммен ауруханаға апарып тастады. Ауруханада маған қарайтын дәрігер екі сағат сайын узиге түсіруі керек болды. Бірде түнгі сағат 4-5 тің арасында узиге түсетін уақыт деп мені алып кетті. Лифтіге кіргенде есік ашылмай тұр деп мені зорлады.

 

Бәрі "не үшін сені зорлай береді" деп айтып жатыр. Барлығы менің қорғансыз екенімді біліп, арам ойын жасағысы келіп тұратын. Дәрігер менің аналар үйінен келгенімді, бұрын зорланғанымды білетін. Аузыңды ашсаң, жаныңды алам деп қорқытты.

 

Сегіз айымда баланы аман-есен босандым. Қазір балам әкемнің қолында. Мен Шымкентте қаралып жатқан іске байланысты соттың әділ шешім шығарғанын қалаймын. Мендегі тілек қылмыскерлер өз жазасын алса екен.

 

 

 

 




Көрілген: 1266    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 18:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30