Отбасы - ошақ қасы

17 адам зорлаған қыздың анасы күдіктілерден 8 млн теңге алғанын айтты

  • https://www.bbc.com/

    https://www.bbc.com/

Түркістан облысында 17 адамның жас қызды зорлау әрекеті бойынша өңірдің бас полицейі пікір білдірді. Қайрат Дәлбековтың айтуынша, жәбірленушінің анасы күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын өзі хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында 17 ер адамның қызды зорлағаны туралы ақпарат шыққаны белгілі. Осы ауданға жеке өзім барып, қыздың анасымен және өзімен адвокат пен журналистің қатысуымен кездестім. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама орталығының қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ анасы қызының киімін өз қолымен өртегенін мойындады. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады. Оған қоса күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын да анасы өзі хабарлап отыр. Сондықтан жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеу күдіктілердің кінәсін тек сараптама нәтижелеріне сүйене отырып анықтауға болатынын түсіндіргім келеді. Яғни бұл істе сараптама аса маңызды, сол арқылы зорлық болған болмағаны анықталады. Қазір бұл іс Түркістан облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісінде. Сараптама кешені тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп жазды облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.

 

Естеріңізге сала кетейік, жәбірленушінің анасы 25 мамырда полицияға 17 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарласқан.

 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адамды ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Содан кейін полиция қызды бір күн бойы іздеп, ата-анасына қайтарған. Бір аптадан кейін, яғни 31 мамырда әйел тағы да полицияға күдікті адамдарға қатысты ұрлау жайты бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтінішпен жүгінген.

 

Ал, 10 маусымда ауыл тұрғыны қайтадан полицияға жүгінген. Бұл жолы қызы жоғалған кезде оны 17 ер адам зорлаған болып шыққан. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, бұл хабарлама бірден ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша полицияда тіркелді. Сараптамалар тағайындалған.

 

 

 

 




Көрілген: 1192    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.11.2021, 18:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 01:49
    Қашып кеткім келеді
    12 Қаңтар, 10:33
    Нәпсіге ерік беріп...
    27 Желтоқсан 2021
    Пышақ кезенген перзент...
    21 Желтоқсан 2021
    Бұл махаббат па...
    20 Желтоқсан 2021
    Досымның әйелімен...
    15 Желтоқсан 2021
    Сүйем деді, күйем деді
    13 Желтоқсан 2021
    Жоғалып табылған қыз
    12 Желтоқсан 2021
    Қорлығына шыдай алмадым
    16 Қараша 2021
    Әйелімді қимаймын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31