Отбасы - ошақ қасы

(18+) Ә. Ергешқызы: Пәктігін сақтап, бірақ басқа жолмен жігіттермен жақындаса беретін қыздар бар

  • https://ok.ru/

    https://ok.ru/

Қазақстандық журналист, блогер, жыныстық қатынас тақырыбындағы жабық тақырыпты ашық қозғап жүрген Әсел Ергешқызы сұхбат берді. Журналист қыз бен жігітті жастайынан жыныстық сауаттылыққа үйрету керек деген кеңесін айтты.

 

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Әсел Ергешқызы қыз бен жігітке жастайынан жыныстық сауаттылықты үйрету керек деген пікірде. Жабық тақырыпты бірінші болып көтерген журналисті бүгінде көпшілік сексолог ретінде таниды. Ал Ергешқызының өзі сексолог емес, төсек тақырыбында ақпарат айтушы блогермін дегенді меңзеді.

 

"Мен бұл тақырыпты алғаш болып айтқан адаммын. Ол кезде ешкім төсек тақырыбында әңгіме айтпайтын. Қазір олар көп. Қыз бен жігітке жасөспірім шағында ата-ана да, жеңге де, жезде де кеңес айтпайды. Ата-ана қызымен, ұлымен сөйлесе алмаса, маманға апару керек. Мүшеқапты қолдану, етеккірді күту, алғашқы жыныстық қатынас жайлы айту керек. Бізде бұл тақырыпты ұят болады деген желеумен жаба салады. Мен осы мәселені көтергім келді. Бұның түк те ұят емес екенін, керісінше сауаттылық мәселесін үйрету керек екенін айтар едім", - деді Ергешқызы.

 

Өзінің айтуынша, бұл тақырыпты көтергелі бері ажыраспақ болған бірнеше ерлі-зайыптының некесін сақтап қалған.

 

"Менің сабағымнан соң 4 ерлі-зайыпты отбасын сақтап қалды. Төсек қатынасында дұрыс болмаса да соңы ажырасуға әкеледі. Төсек мәселесінде ашық болу керек. Проблема екеуара талқылану керек. Бұл үлкен тақырып. Әйел қанағаттанбаса, күйеуіне айтуы керек. Әйелдің төсекте ләззат алмауы еріне байланысты. Әйелді төсекке үйрететін оның азаматы. Тәжірибе беретін де сол. Сондықтан үнсіз қалмау керек. Екеуі де қанағаттана алуы керек", - деді ол.

 

Ергешқызына тағдырын айтып хат жазатын қыздар қарасы көп. Олардың көпшілігі қыздық перде жайлы немесе төсек мәселесі жайлы айтатын көрінеді.

 

"Маған жігіттерге алданған қыздар көп жазады. Күйеуіне қанағаттанбайтын әйелдер көмек сұрайды. Оның бәріне моральдық және ақпараттық көмек айтамыз. Менің де ата-анам бар, ата-енем бар, жолдасым бар. Маған жағымсыз пікір жазатындар көп. "Өзің көп жігітпен жақын болғансың" деп жазатындар бар. Мұндайда жолдасым ренжімесе, жақындарым естімесе екен деймін. Олардың маған деген сенімі бар. Бастысы - сол. Күйеуім бұл тақырыпта айтуға өзі рұқсат еткен. Сондықтан бәрі келісіммен. Ал жабық тақырыпта сабақ айтудың көп жетістіктер бар", - дейді ол.

 

"Жыныстық сауатымыз өте төмен": Белгілі журналист Әсел Ергешқызы секс пен оргазм туралы не үшін әңгімелейді

 

Журналистің пікірінше, қазір қоғамда алданған да, алдайтын да, лас жолға түскен қыздар да көп.

 

"Бізде пәктігін сақтап, бірақ басқа жолмен жігіттермен жақындаса беретін қыздар бар. Оны тазалыққа жатқызуға болмайды. Бұл мәселені үлкен етіп көтеру керек. Бұл қоғамның проблемасы. Бұған арнайы бір сабақ арнау керек. Қыздық перде тіктіру, анайы жолмен төсекте болу, сөйте тұра күйеуінін алдында таза көріну - бұл да алдауға жатады", - деді Әсел ханым.

 

Әсел ханым телегония туралы айтып қалды. Алайда бұл тақырыпта толық жауап бере алмады.

 

"Қыздар өзі сүйген, пәктігін арнаған жігітті ешқашан ұмытпайды деп айтылады. Ол күйеуге шығып, балалы болса да, алғашқы жұбын ұмытпайды деседі, алайда менің басымнан мұндай жайт өтпегендіктен мен бұл жайлы ештеңе айта алмаймын. Мүмкін солай да шығар. Ол жағын білмедім. Әркімде әрқалай болуы мүмкін", - деді Әсел.




Көрілген: 3453    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31