Отбасы - ошақ қасы

3,5 жыл маньяктың тұтқынында болған бойжеткен басынан кешкен оқиғасын айтты

  • 3,5 жыл маньяктың тұтқынында болған бойжеткен басынан кешкен оқиғасын айтты

    3,5 жыл маньяктың тұтқынында болған бойжеткен басынан кешкен оқиғасын айтты

16 жыл бұрын педофил Виктор Моховтың тұтқынынан босатылған Рязань қаласының тұрғыны Екатерина Мартынова өзінің өмірі туралы айтты.
Онымен сұхбатты RT жариялады.

2000 жылы 14 жастағы Мартынова мен 17 жастағы Елена Самохина дискотекаға барып, содан әрі жоғалып кетті. Қайтар жолда Мохов оларға шығарып салуға ұсыныс жасайды. Қыздарға ұйықтайтын дәрі қосып дәрі береді. Ұйықтап қалған соң екі қызды көрші қалаға алып кетеді. Ол жерде қыздарды 3,5 жыл бункерде ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық жасады.

Самохина маньяктан үш рет жүкті болды - оны Мартынов акушерлік оқулыққа бойынша бункерде екі рет босандырды. Үшінші бала олар бостандыққа шыққан соң өлі күйінді туды.

Онымен бірге бір үйде тұрған маньяктың анасы қыздар жайлы ешнәрсе білмейтінін айтып ақталды. Қыздарды ұлының таныс қыздары деп ойлаған. Бойжеткендердің Моховтың пәтерін жалдап тұратын қыз құтқарып қалды. Ол екі қыз жазып берген хатты полицияға апарып берді.

Мохов 17 жылға сотталды, бір жылдан кейін ол босатылады. Маниактың серігі Елена Бадукина қыздарды ұрлауға көмектескені үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мартынова Мохов өзін кінәлі деп санайды және жасаған ісіне өкінеді дегенге сенбейді. «Сот отырысында ол өзінің сонша жылға сотталғанына қатты таңғалды, өзінің адам өлтірмегенін айтты», - дейді ақпарат көзі.

Мартынованың айтуынша, маньяк 2017 жылы болған оқиғалар туралы кітабын оқығаннан кейін оған хабарласқан. Ол Мартынованың жазғандарының бәрі шындыққа жанаспайтынын айтып, бостандыққа шыққаннан кейін нақты оқиғаның қалай болғанын айтып беруге уәде берген.

Қазір Мартынова тұрмыста, екі баласы бар. Самохина журналистермен сөйлесуден бас тартады. Мартынова оның тұрмысқа шығып, ажырасып кеткенін, қазір азаматтық некеде тұрып жатқанын айтты. Ағылшын тілін үйретеді. Маньяктан туған балаларды асырап алған, оларды Самохина ешқашан көрмепті.

Мартынова қиын жағдайға тап болған адамдарға қандай жағдай болмасын, мықты болуға кеңес береді. «Себебі сізге көмектесетін бірінші адам ​​ол - өзіңіз», - деп қосты ол. 




Көрілген: 1265    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 19:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30