Отбасы - ошақ қасы

40 жастағы қылық – мұны ТӨСЕКТЕ ЕРКЕК те, ӘЙЕЛ де жасауы керек

  • 40 жастағы қылық – мұны ТӨСЕКТЕ ЕРКЕК те, ӘЙЕЛ де жасауы керек

    40 жастағы қылық – мұны ТӨСЕКТЕ ЕРКЕК те, ӘЙЕЛ де жасауы керек

«Қырықта қылық ашу» емес бұл. Жәй ғана жұбайлық қарым-қатынастағы бір белес, арадағы сезімді жаңғырту деп түсінген дұрыс болар...


Неге 40 жаста?


Көптеген отбасыда 40 жастағы ерлі-зайыптылардың балалары өсіп, ендігі жерде өздеріне қарауға, оңаша қалуға уақыттары қала бастайды. Әлбетте, бір-екі жылдың әрі-берісі болар.


Қазақта шамамен 20-25 жас аралығында отау құрғандардың бұл кезде балаларының алды студент, соңы мектеп табалдырығын аттамаса да, балабақшаға барып, анасынан бөлек жатуға жасы жетеқабыл болып қалады. Ал жұбайлардың төсек қатынасынан кейде амалсыз бас тартуы немесе еркін ләззат ала алмай асығыстыққа салынуы да көбіне баланың жас болуы кедергі келтірсе керек.


Бұған дейін бала күтімі мен жұмыс арасында отбасылық өмірдің біразы өтіп кеткенін байқамағандар 40 жасқа таяғанда еңсе көтере бастайды. Орнығады, толығады дегендей. Осы сәтте жұбайлық қарым-қатынасты да реттеу керектігін бүгіннің кеңесшісіне айналған психологтар да, денсаулық жағынан дәрігерлер де жиі айтады.


Бұл жаста, әрине, жастық шақтағыдай емес бәрі. Көрпе астынан денеге дене тисе, өздігінен басталып кететін «төсек майданы» жиі бола бермейді. Оған да дайындықпен, кейде іштей жоспармен іске асыруға тура келеді. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің қабағынан танып, нені қалап, нені қаламай тұрғанын сезе алатын жаста. Денсаулықта да кілтипандар қылтия бастайтынын қосайық оған.


Дегенмен, 40-та ешкім қартайып қалмайды. Өмірдің қызығын көруге кез келген жаста мүмкіндік бар. Ендеше, «нағыз өмір 40 жастан басталады» дегенді негізге алып, жыныстық қатынас төңірегінде мынадай кеңестерге құлақ асқан артық болмас.


Әйелдерге ҮШ КЕҢЕС


Төсекке еріңізден бұрын жатпаңыз


Әрине, бас ауырып, балтыр сыздаса қарсылық жоқ. Ал ләззатты түндерге қалауыңыз болғанда бес-10 минут күттірсеңіз, артық болмайды. Мұндайда еркектердің өтірік ұйықтаған кейіп танытатын «қулығы» бар. Қасына жантайғанда барып көрпе астынан қол соза бастауы мүмкін. Бірден беріле салуға асықпаңыз.


Белгі беріңіз


Әрине, мойнына асыла кетпейсіз. Аздап иіссу себініп, күндегілен ерекшелеу ішкиім кисеңіз жеткілікті. Сексуалды көрінетін, тым айшықты болмаса да, жұқа әрі шілтері бар ішкөйлек кисеңіз артықтық етпейді. Ең дұрысы, түнгі көйлекті шкафқа салуды ұмытып кеткендей басқа бір-екі киіммен бірге төсек үстінде қалдырсаңыз да жеткілікті.


«Қытығым келді» десеңіз, сезімін қытықтай түсесіз


«Қырықтағы қандай қытық?» дейсіз бе? Ал мұндай қылық еркектің сезімін қытықтайды. Болмаса да, ұқсап бағыңыз. Қол жүгірткен еріңізге аздап болса да қарсылық таныта тулап, жаймен сықылықтай күліңіз құлағына. Түн ішінде қарқылдап күле жөнелмейтініңіз белгілі. «Керегіңді алшы» дегендей былқ-сылқ күйде жата берген де ешбір еркекке ұнамаса керек.


Еркектерге ҮШ КЕҢЕС

Жуынып жатыңыз

Әйелдердің бұл жаста жиіркенгіш болмаса көп жағдайға мұрын тыжырайтқыш келетіні бар. Сондықтан жарыңызға жақындағыңыз келсе, бойыңыздан артық-кем иіс шықпағаны дұрыс. Темекі шегетін еркектердің тіс пен тыныс тазалығы да маңызды. Басқа тұстарды айтпаса да белгілі.

«Етекке жармасудың» жөні жоқ

Шалт қимылдап атып тұру – әйелдерге бұл онша ұнай қоймаса керек-ті. Сондай-ақ «міндетің» дегендей бірден «етекке жармасу» да жақсы нәтиже бере қоймайды. Арыныңызды басып, ақырындап жақындаған жақсы. Әйел қай жаста да аймалап бастағанды ұнатады. Тым болмаса, сипалау әдісін қолдансаңыз болады.

Әйелдің қалауына мән беру керек

Бұрындары байқатпаса, ендігі белгі беріп қалуы керек. Кез келген поза да әйелге «жаға» бермейтінін тағы да есте ұстаған жақсы. Сонымен қатар, бұған дейінгілері ауысып, жаңа қалауы оянуы да мүмкін. Сондықтан тым елтіп кетпей, құшағыңыздағы жарыңызды сезінуді ескерген дұрыс.


Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ




Көрілген: 22299    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 23:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31