Отбасы - ошақ қасы

5 жыл бұрын тастап кетіп еді, енді қайта қосылғысы келеді

  • 5 жыл бұрын тастап кетіп еді, енді қайта қосылғысы келеді

    5 жыл бұрын тастап кетіп еді, енді қайта қосылғысы келеді

Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым, құрбылар! Менің жасым 28-де. 22 жасымда артымнан калмай, сүйем-күйем деген жігітке тұрмысқа шықтым. Бала көтерісімен, күйеуім 180 градуска өзгерді. Қасыма қонбай, қыдыруы тоқтамай калды. Декретке шыгар алдында 1 млн кредит алдым, ортак тірлік бастаймыз деген соң сеніп куйеуіме бергенмін. Содан куйеуім машина алып, кредит те, бәрі жайында калды. Декретте отырғанда менің оны төлеуге шамам болмады, күйеуім машинамен кызығы басылмай, үй бетін көрмей, ол да төлемеді. Ақыры анама айтып жайымды, анам кредитімді мойнына алды.


Ақыр соңы ақша үшін сен төле, мен төле, машинаны сат, сатпаймын секілді ұрыстар болып, роддомнан бір-ақ шықтым. Менсіз өмір сүре алмайтын жігітім, ұл тусам да, бір іздеп, хабарымды білмеді, не енем келмеді. Роддомнан өз үйіме барып, ажырасуға арыз бердім. Машинаны дауласам, алған уақытында-ақ мамасының атына жазып койыпты. Даулай алмадым. Сені кушігімен кім алады, кімге керексің сен сиыр деп табалады, міне содан бері 5 жыл өтті. 

5 жылда ұлым 5-ке келді. Сол уақыт аралығында еш іздеп, ұлының маңдайынан бір иіскемеген. Кредит те бітті, өз колым өз аузыма жетті. Үйім бар, жұмысым бар. Енді 5 жылдан соң "кешір, қателестім, қайта қосылайық" деп келіп жүр. Анам "қосыл, кіммен қарайсаң, сонымен ағар" дейді, өзім болсам, әбден суып кеткенмін. 


Енді есімді жиғанда қайтадан қосылуға қорқып та қалдым. "Әйел қырық шырақты" дейді ғой, әлде балам үшін қосылғаным дұрыс па? Ойым онға,санам санға бөлінді. Не істесем болады, әпкелер? Әлде мүлде мүмкіндік бермей, баламды көрсетпей, басқа адам іздегенім дұрыс па?


Аноним


 




Көрілген: 2939    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31