Отбасы - ошақ қасы

Aборт жасат деп ақша ұсынды...

  • https://ikerim.kz/

    https://ikerim.kz/

Құрметті оқырман, ikerim.kz сайтының алдынғы посттарында зорлық жайлы оқиғаны оқып қалған едім. Өз басымнан өткен жайтпен бөлісіп, қаракөздеріміздің қателеспеуінің алдын алғым келеді.

 

Студент шағым болатын.. Қалаға енді орныға бастаған кезім. Сырт сымбаты келіскен, сұңғақ бойлы қыз болғандықтан, көптің назары бірден маған түсетін еді.

 

Әдеттегі күндердің бірінде, сабақтан кеш шығып, остановкада біраз аялдадық. Қыздармен такси тоқтатпаққа ниеттендік. Жанымызға қымбат автокөлік тоқтады. Кемі 1000 тенгемен баратын қаланың шетіне 500ге келіскенімізге мәзбіз.

 

Жолай жүргізуші жігітпен де тез тіл табыса кеттім. Межелі жерге жеткен соң, ол таксист емес екенін, мені ұнатқандықтан жеткізіп салғанын айтып, номерімді сұрады. Сымбатты жігіттің ілтипаттылығына «рахметімді» айтып, номерімді қалдырдым.

 

Сол күннен бастап сөйлесе бастадық. Сөз салғанына да «жоқ» демедім. Қыдырдық, жүрдік, күн өте ол менен суй бастады. Маған +18 әңгімені көп айтып, бірге болуды қалайтынын үдете түсті. Қарсылық танытып бой берми жүрдім. «Қызсың ба точно?» деген сұрақпен көп мазалайтын.

 

Бір күні досының туылған күніне баратын болдық. «Қу, қара басым, неге ғана сол күн сылтау айтып, бармай қалмадым» екен деп әлгі күнге дейін басымды тасқа ұрамын. Сол кеште ол менің ішіп отқан сусыныма дәрі қосып беріпті. Қарғыс атқыр күн. Амал жоқ. Басқа түскенге көндігесің.. Болары болды.

 

Мен саған үйленем деп біраз созбақтатты. Екіқабат екенімді айтқан да, шіміркпестен «оборт жасатасын» деп ақшасын санап қолыма ұстатты. Көзім жасқа толған күйі, ақшасын бетіне лақтырған күйі кетіп қалдым. Әлгі жігітсымақтан сол күйі хабар жоқ.

 

«Ата-анама қай бетіммен қараймын?» деп дал болдым. Ішім шықпай тұрғанда ауылға барып тұратынмын, екі қабат екенім біліне бастағаннан «жұмыс істеп жүрмін» деген сылтауды желеу етіп ауылға ат басын тіремей кеткелі біраз.

 

Құрбым ғана білетін бұл жайтты. Соның пәтерін паналауға тура келді. Жұрттан жасырып жүрген сырымды одан өзгеге білдірмей, біраз жасырындым.

 

Кезекті күн келіп, ай күніне толмай баламды да дүниеге алып келдім. Құрбым қарасып тұрды. Ал ата-анам болса әлі күнге дейін бұл жайттан хабарсыз.

 

«Тесік моншақ жерде қалмас» демекші, ажырасқан жігіт сөз салып, отбасын құрдық. Уақыт өте бала асырап аламыз деген желеуді айттық. Күйеуім де ішкі сырымды ешкімге айтпастан мені қолдады.

 

Ата-анам мен ата-енеме балалар үйінен ұл асырап алдық деп Ернарды алып келдік. Олар да бөтенсітпей жылы қабылдады. Бұл сырды күйеуім екеуміздің арамызда қалған жайт.

 

Қазір менің ұлым Ернар – 5 жаста. Күйеуім де өз баласындай көреді.. Өзімді түсінетін осындай жарды жолықтырғанға шүкіршілік етемін. Менің өмірімнен сабақ алып, қателеспесеңыздер екен!

 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31