Отбасы - ошақ қасы

Аборт жасатқаным үшін жігітім тастап кетті

  • Аборт жасатқаным үшін жігітім тастап кетті

    Аборт жасатқаным үшін жігітім тастап кетті

 Сәлеметсіздер ме! .Бұл өмір сынақ, әр адамның тағдыры әр қалай. Менің ішімде жатқан сырым бар, сол мені мазалап жүр.Айтайын десем, жанымды түсінетін құрбым алысқа кетті тұрмыс құрып. Одан басқа жаныма жақын құрбым жоқ. Сіздерге жазып отырмын. Қатты сөз жазып, мені сөге көрмеңіздер.


Осыдан 1 жыл бұрын менің жігітім болды. Екеуміз үйленбекші болдық, ол сәби сүйгісі келетінін, отбасы құрғысы келетін ойын айтты. Содан менің аяғым ауыр болды. Біраз уақыттан соң аяғым ауыр екенін және бала сау боп тумайтынын білдім. Сөйтсем, мен одан бір жұқпалы ауруды жұқтыртып алыппын, сол себепті құрсақтағы бала сау емес екен. Аборт жасатуға тура келді. Алла өзі кешірсін! Қазір сол жұқпалы ауруды емдеп, шүкір жазылдым. Қатты қиналдым, жігітім бұны естей салысымен менімен қарым-қатынасын үзді. Ауыр күнә жасағанымды білемін.


Қазір тура жолға түстім, намазға жығылдым, жатсам-тұрсам Алладан кешірім сұраймын. Алайда Алла мені кешіргенмен, мен өзімді кешірмеймін. Енді болашағымды ойласам, не болады деп қорқамын, екінші рет сәби көтере алам ба екен? Мен сияқты түсік жасатып, екінші рет бала көтергендер бар ма екен? Бұл менің алғашқы түсік жасатуым. Жақын уақытта тұрмыс құратын ойым бар, жігітіме шындықты айтсам ба екен?Әлде ішімде ашылмаған сыр боп қалғаны дұрыс па? Ақыл-кеңес беріңіздерші?


 




Көрілген: 1256    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.03.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31