Отбасы - ошақ қасы

Африкадан келін алған қазақтар оған шәй құйғызып, сәлем салдырды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Бір қазақ жігітін мұхиттың арғы жағындағы қара қыз қағып әкетіпті. Қазақ қыздары оны кәдімгідей қызғанып, осы сипаттағы видеоны әлеуметтік желіде көптеп бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.


Сымбат Игілікқызы Facebook-тегі парақшасында бөліскен мына видеода қазақтардың африкалықтармен құда болып жатқанының куәсі болуға болады.


Видеода аппақ көйлектегі қап-қара қалыңдық ата-енесіне шәй құйып жатыр. Кесе табылмай, шыны стаканға құйғанға қарағанда бұл шетелдің мейрамханасындағы оқиға секілді. Той кезі ме екен әлде тойдан кейін бе, онысын білмедік. Әйтеуір ақ жеңеше жаңа түскен келінге шәйді қайлай құюды үйретіп, ұлттық дәстүрді барынша насихаттап бәйек болып жатыр. Басына ақ орамал жауып, сәлем салдыртуды да ұмытпапты. Қасындағылар "орысша емес, қазақша айт, ол бәрібір орысша түсінбейді, үйренсін қазақшаны" деп даурығып қояды.

Ал бірі суреттің шетінде құдашаны құшақтаған жігітке қатты қызығып жатыр. "Құдашадан құр қалғанды Құдай ұрады" деп жігіттер жағы оны қамшыласа, керісінше қыздар "Мына жақта біз бармыз ғой, ойбай кері орал" деп шуласып, қалжыңдауда.



 




Көрілген: 9478    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 10:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 12:24
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31