Отбасы - ошақ қасы

Ажырасқандардың оңғанын көрмедім

  • Ажырасқандардың оңғанын көрмедім

    Ажырасқандардың оңғанын көрмедім

Менде өз басымнан өткен жағдайды айтайын дегенмін. Осыдан 3 жыл бұрын бір жігітпен танысып жақсы араласып кеттік. Бірінші желтоқсаннан бастап  бастап жүрдік. Ол Тараздың жігіті болатын.Астанада жұмыс жасайды. Желтоқсанның  ортасына қарай екеуміз Таразға қыдырып бардық. Мен бір-ақ күн болып қайттым, себебі жұмыс солай болды. Ол Астанаға 10 күннен соң келді.
Содан арада Жаңа жыл өтті.Қантар айында ол Таразға қайта қайтты, мамасы шақырыпты. 9-ы күні түнде маған хабарласты да "мен уйленем, мамам бұрын бір қызға сырға салып қойған екен"  деді. Менің ішім алай-дүлей болса да, жүрегім ауырса да, сөзіне сендім, үндемедім.

Біраз уақыт өткен соң оның уйлену тойы өтті. Мамыр айында Ақтөбеде тойда жүрсем сүйінші сұрап звондады, ішіп алған (екеуміз жүргенде ішпейтін шекпейтін ). Өзі хабарласып тұрғани соң құттықтадым. .Астанаға келген соң көрдім, тағы да құсың құтты болсын дедім. Ең соңғы рет кездескенде дос болып қалатынымды айттым. Сол кезде ол маған, сен жассың ғой, өмірді түсінбейсің, әлі бақыты боласың, менің әйелім ақылды деп өзінше болған. Кейіненн әйелін де көрдім сыртынан, уақыт өте келе мен оны ұмыттым, мүлде араласпауға тырыстым, хабарласса да телефонды көтермедім.

Арада бір жылдан астам уақыт өткенде менің құрбым сол жігіттің досына тұрмысқа шықты. Мен олардың тойына бармадым, өйткені оны көргім келмеді. Кейін құрбымнан естідім, ол мені айтып досына жылайды екен, әйелімен ажырасып кетіпті. Балаларын жігіттің анасы бағып жатқан көрінеді. Қандай жағдайда да енді бәрі кеш. Мен оны бұрын ұнаттым, өзі менен бас тартты. Ал қазір мен басқа жанды сүйемін, бұйырса Атырауға келін болмақпын. Жақсы көретін жұмысым бар, сүйгенім бар. Алғашқы махаббатым  кеткен соң жұмыс істеуім керек, үй алуым керек деп жүріп оны қалай ұмытқанымды білмеймін. Оған деген сезімімі жүрегімнің түбінде қалып қойды. Мүмкін бауыр басқандықтан болар. Одан айырылған кезде көп жыладым, қазір бақыттымын. Әр қыз баласы бақытқа лайық! Айтайын дегенім балалар ата-анасыз өспесін. Ажыраспайық. Шыдамды, сабырлы болайық! 

Аноним 




Көрілген: 3636    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31