Отбасы - ошақ қасы

Ажырасуға шешім қабылдадым

  • Ажырасуға шешім қабылдадым

    Ажырасуға шешім қабылдадым

 Сәлеметсіздер ме! Анонимно болсыншы. Үйленгенімізге 2 жылдай болды. Баламыз жоқ. Мендегі мәселе - ене. Күйеуім екеуміз жақсы көріп қосылдық, онша ұрысса қоймаймыз. Енеме жақпай қойдым. Барлығын істеп, үндемей отырсам да бірнәрсе тауып алып тиіседі.

Күйеуімді менен қызғанады. Күніне неше рет тел.мен сөйлескенімізге дейін қарап, айтып ұрсып отырады. Күйеуім былайынша жақсы. Мен көбіне не істесе де келісіп, миын ашытпауға тырысам, содан ба, ол да басына бастады, тоқал аламын деп. Бұрынғы жүрген қызымен кездестіргісі келген болатын. Мен бармаймын дедім кездесуге, осындай әңгіме қозғалса енді кетем дегем, сонымен қойды. Айта берсем себеп өте көп. Соңғы кезде мүлдем шектен шығып, неше түрлі сөздер айтып, көңілімді қалдырды. Күйеуім бәрін көріп отыр. Бәрінен шаршап, ажырасқалы жатырмын. Арыз беріп қойдым. Күйеуім бөлек тұрайық дейді. Бірақ ол жалғыз бала. Сол үшін мен олай бөлек алып кеткім келмейді. Қанша дегенмен мамасына қарау оның міндеті екенін білем. Олай істей алмайм.

Күйеуім енді мен осылай бақытсыз болып қалуым керек па деп қоймайды. Енді күйеуім, енем бәрі кешірім сұрап қайта қайта келіп жүр. Қадіріңді енді түсіндік деп. Бірақ мен өзгереді деп ойламаймын. Сенбеймін де. Өзімнің аке-шешем, бауырларым да барма, өз өзіңді отқа тастама деп отыр. Әлі ақ өмір сүріп кететін шығармын деп ойлаймын. Әлде кешіріп қайта барғаным дұрыс па екен. Ақыл кеңестеріңіз керек. 




Көрілген: 3493    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.07.2020, 23:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30