Отбасы - ошақ қасы

"Әкем түн жарымында тұрып өкіріп жылайды": сәләфиттік ағымның жетегінде кеткен жігіттің әпкесі көпшіліктен көмек сұрады

  • "Әкем түн жарымында тұрып өкіріп жылайды": сәләфиттік ағымның жетегінде кеткен жігіттің әпкесі көпшіліктен көмек сұрады

Айзада есімді Аягөз тұрғыны туған інісінің сәләфиттік ағымға кіріп кетіп, ешкімге бағынбай кеткенін айтып, осындай жағдайға тап болған көпшіліктен көмек сұрады. Бойжеткеннің сөзінше, жат ағымның жетегіне кеткен бауыры отбасын әбден сары уайымға салған. Ал баласының бетін қайтара алмаған әкесі түн жарымында тұрып, өкіріп жылайды екен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Сәләфиттік ағымның жетегінде кеткен Айзаданың інісі 1995 жылы туған жап-жас жігіт. Ол 12 жасынан бастап намазға жығылған. Бірақ, әкесінің айтуынша, Еркебұлан есімді көрші бала терезені жауып қойып, оған намаз оқытатын. Бұнымен қойма, Дарын деген жігіттің YouTube-тегі уағыздарын тыңдатқан екен.


«Осыларды тыңдап өскен інім бір күні Аягөздегі мешітке барып шу шығарды. Оны жергілікті имамдар таниды. Қазір ол ауылда тұрып жатыр. Оған бәрін түсіндіріп, қателесіп жүргенін айтсақ бізді мүлдем тыңдағысы келмейді. Имамдар бұны «сәләфизм» деген мұсылманшылықтың бір түрі» дейді. Ол тіпті әкемді тыңдамайды. Айтқанын тыңдата алмаған әкем түннің бір уақытында тұрып: «А, құдай, саған не жаздым?!» деп өкіріп жылайды»,-дейді Айзада.


Жас жігіт ата-анасын жылатқанымен қоймай, соңғы кездері тіпті әпкесіне қол көтеретін болыпты. Ол анасы мен әпкесіне орамал тағыңдар деп, оларды тұмшалап қоймақшы екен. Әке-шешесі мен туған әпкесін әбден қинаған жігіт не молдаларды менсінбейді. Ал әйелі мен баласы ол үшін екінші соттарғы адамдар. Бауырының осындай жат ағымның жетегінде кеткеніне қапа болған бойжеткен інім тіпті шелпек салдырпайды дейді.


«Не теледидардан өлең тыңдатпайды, не жеті шелпек пісіртпейді. Күндіз-түні айтатыны қорқынышты уағыздар. Оның үстіне ол өте қызғаншақ. Дінге ерте кезден бет бұрғандықтан ба, психикасына зақым келген сияқты»,- дейді Айзада.


Айтуынша, інісі былтыр көтеріліп, қатты ауырған екен. Сонда оны Алматыдан қол-аяғын байлап әрең әкеліпті. Миы уланған жігіттің әпкесі ініме дін мамандарының емес, кәсіби психологтардың көмегі қажет сияқты дейді. Бірақ, олар көпбалалы отбасы болған соң, бауырын емдетуге әзір қаражаттары жоқ. Кімнен көмек сұрарын білмей басым қатқан Айзада осындай жағдайға тап болған кісілер болса, өз кеңестерін берсе екен дейді.


Сәләфиттік ағымның жетегінде кеткен жігіт көпбалалы отбасынан шыққандықтан жоғары білім ала алмаған. Оның үстіне осы ағымның жетегінде кеткені мінезі қиындап кеткен жігіт ешқандай жерде симай, қазір үйде жұмыссыз жатыр екен.




Көрілген: 2004    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31