Әкемдей кісіге ессіз ғашықпын...

Әкемдей кісіге ессіз ғашықпын...

Менің қазір жасым жиырма үште. Университет бітіргеніме бірер жыл енді болған жас мұғаліммін. Уақыт өткен сайын мені толғандыратыны – тұрмысқа шығып жар атанудың да ауылы алыс еместігі. Өміріңде бір-ақ рет бұйыратын осынау бақыт таңдауы жайлы түсінік менде басқаша. Бәлкім, мені түсінбейтіндер, «есі дұрыс па?» деп сөгетіндер де табылуы мүмкін. Бірақ, саналы түрде мақсат еткен жар таңдауда кімді қалайтынымды «Алаш айнасына» айтқанның айыбы жоқ деп ойлаймын.

Өзгелер секілді мен де бір азаматты ұнатамын, оның жүрегімнің төрінен орын алғаны соншалық болашағымның түпкі мәні сол адаммен бәрібір де түйісетініне шүбәсіз сенемін. Өйткені, оның мені ерекше қадірлейтінін сезінген сайын арамыздағы жас айырмашылық, тіпті, оның отбасы бар, әкем шамалас егде адам екендігіне де көбіне көз жұмып қараймын.

Педагогикалық институтқа түсіп, алғаш оның дәрісін тыңдай бастағанымда басқа студент қыздар секілді мен де оған ұстазым ретінде қарайтынмын. Бірақ, осы бір оқытушы ағайдың сөз мәнері, шексіз білім иесі екендігі, терең пайым-парасаты мені өзіне тәнті еткізбесіне қоймады. Өзі де барынша сұңғыла адам екендігін байқатып, ара тұра мені көтермелеп, ынталандыратыны сондай біртіндеп оқу ордасының қоғамдық істеріне де белсене ат салысатын сутденттердің қатарына қалай еніп кеткенімді аңдамай қалдым. Мұндай студентке ұтаздардың да құрметпен қарайтыны, өз группаластарың мен курстастарыңының арасында да абыройлы әрі сөзің еркін жүретіні түсінікті. Біртіндеп университет өміріндегі мерекелік кештердің, түрлі конференциялардың ұйымдастырушысы ретінде де ректорат назарына іліктім. Айналаңда өзіңе қарайтындар көбейген сайын жүріс-тұрысыңа, қызға тән сымбатыңа да сынмен қарауға тура келеді екен. Мен де біртіндеп тізесі қысқа юбка немесе қымбат көйлек киіп әдеміленіп жүруді әдетке айналдырдым. Ал дәріс беретін ағайым екеуіміздің арамыздағы сыйластық жылдан-жылға арта бастады. Бәрінен де оның мені таңқалдырғаны - кейбір декан, доценттер секілді жас қыз көрсе әукесі салбырап тұра жүгірмейтіндігі, қол ұшын беріп қолдау көрсетсе, онысын бұлдамайтындығы. Қайта керісінше есті адамға тән ақылын айтып, менің болашағыма үлкен жауапкершілікпен қарауға тырысатындығы одан бетер өзіне ынтық етті. Әрі ислам дінінің ұстанымдарын, ғибрат әңгімелерді сөз саптауында жиі қолданатындығына қарап, иманды адам екендігіне шүбәм қалған жоқ. Нәпсіқұмарлықтан биік тұратын парасат-пайымының өзі қаншалық.

Сөйтіп Серікбай ағай мен үшін үлкен тұлға болып тұр. Жасырып-жауып қайтейін, екеуіміздің арамыздағы сыйластық қазіргі күнде махаббатқа ұласқан. Бірақ, талай рет сезім жетегіне еріп кетер сәт таяғанда ол менің әлі жас екенімді, оң босағадағы қыз екенімді ескеріп арамыздағы қарым-қатынасқа қатысты өз байламын да айтты. Яғни, мен магистратураны бітіріп, мамандығым бойынша Астанаға жұмысқа орналасқаныма қарсылық білдірген жоқ. Қайта бір сөзінде Астанада өзі келіп тұратын бір шаңырақ болуы керектігін, оған мені лайық көретіндігін де айтты. Ал қазіргі күнде ол осыған жағдай жасаудың қамында жүр. Шынымды айтсам, неге екенін білмеймін, мен шексіз қамқорлығын көріп жүргендіктен бе, Секеңді мен бір сәт те өмірімнен жоғалтып алғым келмейді. Күндердің күнінде ол үйленуге ұсыныс жасаса қабыл алуға әзірмін. Ал оның әкемнен үш-төрт жас қана кішілігін білсем де орайы келгенде ата-анама түсіндіріп айтамын деп ойлаймын. Өйткені, мен осындай білімді, қоғамда абыройлы, бақытын алақанда аялай алатын азаматтың екінші әйелі, тоқалы болсам да оған еш өкінбеймін. Қайта бас қосар болсақ, алдағы істеріне жары ретінде қол ұшын беріп әрі осындай есті азаматтан ұрпақ сүйгенім дұрыс. Менің мұндай қадамға баруымның бір себебі қазіргі жігіттерге де байланысты. Шындығы керек, мен замандастарымның көбісінің ұсақталып кеткендігін көргенде түсінігі мол Серікбай ағайым көз алдыма бірден келеді. Қайсымен сөйлесе бастасаң да кафеге шақыру, ішімдік ішу, сауық-сайран салып, бір түнін өткізсем деген ой. Ал тумысынан білімге құштар, қоғамдық істергден тыс қала алмайтын адамға ондайлардың қылығы оғаш көрінеді. Сондықтан да ендігі бір-екі жылда мен Секеңдей қырық жасты артқа тастаған азаматқа жиырмадан ассам да берік сақтап келе жатқан қыз-ғұмырымды, бүкіл болашағымды арнауға бел будым. Ал бұл қадамым үшін өз басым бір сәт те өкінбеймін. Өйткені, Секең мені үйде отырғызып, әмірін жүргізетін әкіреңбай еркексымақ емес. Ол өз отбасы үшін де, қоғам үшін де аянып қалмайтын асыл адам. Мен сондықтан да оның тоқалы болуыма әзірден өзімді дайындап жүрмін. Бәлкім, менің неліктен осындай ойға келіп, қадамға барғалы отырғанымды енді түсінген боларсыздар...

Автор: Айгерім ЕСЕТ, Астана қаласы  

alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста