Отбасы - ошақ қасы

Әкемнің басын дуалап тастады: Қазақ жігіті өгей шешесінің зұлымдығын айтып, көмек сұрады

  • Әкемнің басын дуалап тастады: Қазақ жігіті өгей шешесінің зұлымдығын айтып, көмек сұрады

    Әкемнің басын дуалап тастады: Қазақ жігіті өгей шешесінің зұлымдығын айтып, көмек сұрады

«Айрандай ұйыған отбасының шаңырағын шайқап, отағасының басын айналдыру арқылы бар дүние-мүлкін тартып алу оп-оңай. Бізге хабарласыңыз!» Қара сиқырды меңгердім деп жүргендер ғаламторда дәл осылай жарнама жасап жар салуда.


Біздің редакцияға келген көрермен өз отбасының осындай жағдайға душар болғанын айтып, көмек сұрауда. Оның айтуынша, мұндай құйтырқы әрекетке баратындарға біздің елде заң жүзінде жаза жоқ екен.


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Мұхамед Егінбайұлы өгей шешесінен күдіктенетінін айтады. Әкесін дуалап алғанына сенімді. Қария отбасынан өз еркімен кетпегеніне көз жеткізу үшін өз зерттеуін жүргізіпті. Ақыры келіншек балгердің көмегіне жүгінгенін анықтаған. Дәлелі қолында. Алайда заң бойынша жауапқа тарта алмай жүргеніне 10 жылдан асқан.


МҰХАМЕД ЕГІНБАЙҰЛЫ:

«Қазақстанда осыған байланысты заң қарастырылмаған. Ол екінші минус. Үшінші минус осындайлардың көптігі соншалық Қазақстанда өте көп көлемде таралып кеткен. Мен өзім білетін ячейкалар Оралда 7, Алматыда 11, Шымкентте 24, Семейде 3, Тадықорғанда 3 жерде орналасқан. Бұл баю жолдары».


Мұхамедтің айтқанына дәлел табылар ма екен деп интернетті ашып бақсы-балгер, қара сыйқырдың өкілдерін іздеп көрдік. Ғаламторда толып тұр. Солардың біріне қазір хабарласып, қызметінің құнын біліп көрейік.


Біз 100 хабарландырудың ішінен бірін таңдадық. Бұл бақсыға жазылудың өзі оңай шаруа емес екен.


- Фотосы бар ма?

- Иә. Сізге тағы не апаруым керек?

- Фотосын алып маған келесіз. Мен көрейін. Сосын сізге қалай жасалатынын айтамын.

- Жұмысыңызға кепілдік бере аласыз ба?

- Сомасына қарай кепілдік болады.

- Мысалы?

- 10 минуттан соң хабарлассаңыз?

- Шамамен қанша болады?

- 50 мың теңгеден басталады.


50 мың теңге. Бір отбасын ойран қылуға осынша сома жеткілікті деп сендірді. Жоғарыда пікір білдірген Мұхамедтің айтуы орынды-ақ. Ол шетел асып бірер елдің заңын саралаған. Мысалы Малайзияда кінәсі дәлелденсе жаңағы тәуіпті де тапсырыс берушіні де 12 жылға түрмеге жабады екен. Ал Араб әмірліктерінде тіпті өлім жазасына кесетін көрінеді. Біздің ата заңда дәл осы сиқыр мен дуалауға байланысты нақты жаза жоқ.


БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

«Мұны көтеру керек. Түбегейлі зерттеп барып қарастыру керек. Негізі ондай нәрсе деген бар. Жадылау, адамның басын айналдыру деген нәрсе бар. Иманы бар адам, Құдай деген адамға ондай нәрсе жұқпайды. Сақтану жолдарын қарастыру қажет. Имамдар бар рухани жағынан. Екінші жағынан мұны арнайы істеген адамдар болса міндетті түрде өте қатаң жазамен жазалануы керек».


Әлеуметтанушы Айдар Хамит бұл Орталық Азиядағы посткеңестік мемлекеттерге тән дүние екенін айтады. Ленин мен коммунизмге құдайындай сеніп келген жұрттың атеизмнен алшақтаған соң белгілі бір дінге, сенімге деген сұранысы артқан.


АЙДАР ХАМИТ,ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

«Бұл идеологиялық тұрғыдан бұрынғы адамдар енді болашаққа коммунистік сеніммен тұрса қазір осы сенім тұрғысынан белгілі бір вакум қалыптасты. Сол 90-жылдан бастап ешмі, балгер, балгерсымақтар көптеп тарады».


Исламда бұған байланысты не делінген? Дін өкілдері құран аяттарынан мысал келтіреді.


АЛТЫНБЕК ҰТЫСХАНҰЛЫ, ҚМДБ НАСИХАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Құран Кәрімде Алла Тағала айтады «Ішімдік ішу, арақ ішу, құмар ойын ойнау, бал ашу және сиқырлау бұл шайтанның амалдарынан. Бұдан аулақ болған кезде ғана адам құтылады». Яғни осы аяттың астарына үңілетін болсақ бұл балгерлікпен айналысу, адам өмірін болжау, өткенін болашағын болжау ислами тұрғыдан харам саналып тыйылғанын көрсетеді».


Айтты-айтпады бұл да өз алдына жеке проблема. Көз жұма қарайын десең еліміздің әр өңірінде "бал ашамын, бақ ашамын, сүйгеніңді қаратамын, мұң-қайғыңды тарқатамын" дейтіндердің саны артқан. Мұндай «мамандардың» мәселесін заң жүзінде қайта қарау сұранып-ақ тұрғандай.


kaz.caravan.kz




Көрілген: 1280    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 13:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31