Отбасы - ошақ қасы

Әкемнің қартайғанда есі кетті

  • Әкемнің қартайғанда есі кетті

    Әкемнің қартайғанда есі кетті

Сәлеметсіздер ме?Аты –жөнімді көрсетпей беріңіздерші.Өмірімнен үзінді айтайын әкем туралы.Біз кішкентаймыздан ұрыс- жанжалдың арасында өстік.

Әкеміз көп ішетін, ішкен сайын анама қол көтеретін.Ертесіне түк болмағандай жүре беретін.Анамыз біз үшін,балаларым әкесіз өспесін деп бәріне шыдап келді.Жан анашым біз үшін не көрмеді десеңізші.

Жарайды көп нәрсе біз кішкентай кезімізде болды. Адам балалары есейе келе, ақыл тоқтатып оң-солына қараушы еді ғой,олай болмады.

Былтыр анам жұмыста жүріп аяғын сындырып алды.Анамның жанында күндіз- түні  қарап,аяғынан тұрғыздым.Ол кезде әкем вахтаға жұмысқа кеткен болатын.Сонымен жұмыстан келген соң тағы ішті. Оның алдын екі-үш жыл ішпей жүрген. Ішіп келіп, төсекте жатқан анама аузына келгенін айтып,айқайлай бастады.Анам ол кезде балдақпен жүретін. Орнынан тұрып кетіп бара жатқанда аяғына бутылкамен ұрды. Қатты қорықтым. Бірақ, Аллаға шүкір анама ештеңе болмады. Айқай ұрыс үдеп,анамды нағашы әжемнің үйіне алып кеттік.Ертесіне есін жинаған соң,”неге кетіп қалғансыңдар?”- деп телефон соғып тұр.

Сөйтіп жүріп әкем “кетемін, ажырасамын” дейтінді шығарды, үйленемін,сөйлесіп жүргенім бар деді.Ақыры ажырасып тынды.Енді әлгі әйелмен Астанада тұрып жатыр.Ішсе звандап анамнан кешірім сұрайды. Бала-шағасы өсіп, немерелі болып жатқанда осылай жасағанына ызам келеді.7-баласы бар әке неге бұлай істегеніне қанша ойласамда түсінбедім.

Әлгі алған әйелі әдемі болса да үндемес едім,екеуі қосылып ішті деген не сұмдық? Қазір әкеммен аралспағаныма бір жылдан асты. Тіпті тұрмысқа шыққанымда да келмеді...




Көрілген: 9382    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 23:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30