Ақша үшін бай татешкалармен көңілдес болдым

Ақша үшін бай татешкалармен көңілдес болдым

Құрметті "Алаш айнасы", оқырмандарға сабақ болсын деген оймен өзімнің басынан өткен оқиғаны Сіздерге баян етпекпін.

 

Мен Семей қаласында ұстаздар жанұясында тәрбиелендім. Орысша білім алдым. Сыныптастарым бәрі орыс балалары еді. Үйде қарындасым және мен.

 

Мектеп бітіріп, институтқа оқуға түстім. Қаланың еркешора балаларының бірі болдым. Анам институтта мұғалім болғандықтан, оқу, сессия мен үшін еш проблема болмады.

 

Күні-түні ата-анам жұмыста. Мен қаланың баласы достарыммен қыдырып, арақ ішіп, дискотека жағалап, ауылдың қыздарын менсінбей қаланың орыс қыздарына баратынбыз. Тіпті сол кезде бір досым үлкен бай «тәтелер» тауып алғандығын, оңай ақша табу жолы бар екенін айтты. Сонымен үш-төрт дос жігіт әрқайсысымыз бай тәтелердің уақытша "күйеуі" болдық. Сенің жұмысың &ndash құрбыларымен кездескенде қасында еріп жүру немесе үйіне достары келгенде мынау менің жігітім деген кезде ақырын күліп "күйеу" қызметін атқару... Бай «тәтәлер» үшін жас жігіт ертіп жүру құрбылары арасында үлкен авторитет болатын. Ал бізге керегі ақша. Көп болса аптасына екі-үш рет. Басқа күндері «бай тәтелер» берген ақшаны алып, сықиып киініп алып, орыстың қыздарымен көңіл көтеру еді.

 

Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде студенттер арасында бас киім тонау өнерге айналды. Оңай ақша табудың бір жолы бізге ұнай кетті. Ол ақша табуды да жолға қойып алдық. Төрт-бес жігіт бірігіп алып, студенттер тұратын жатақханалар жолын торып, ауылдағы ата-анасына бір сиырын сатқызып қалпақ алдырған қыздардың жолын торитынбыз. Одан алған қалпақты өткізетін арнайы адамдар тобы болатын. Соларға өткізіп оңай олжаға кенеліп жүрдік.

 

Осылайша студенттік дәурен аяқталып, жан-жаққа кеттік. Тұрмыс тіршілігімен арада біраз уақыт өтіп кетті. Содан мен Астана қаласына келіп қызметке тұрдым. Жұмысты тез таптым. Бір орыс әжейдің пәтерінде бөлме жалдап тұрдым. Күні-түні жұмыс. Арақ ішу, темекі тарту дегенді мүлдем ұмытқанмын. Үлкен фирмада қызметім жылдам өсті.

 

Осылай жүргенде әкем дүние салып, анамды Астанаға көшіріп алдым. Жоғары жалақы арқасында анамыз екеміз тұратын пәтер алдым. Қарындасым да тұрмысқа шықты. Зейнеткерлікке шыққан анам маған үйлену керектігін айтып жүрді. Осылайша жүріп бір қызбен таныстым. Үйлендім. Бірақ төрт жылдан соң өз еркімізбен ажырастық, өйткені арамызда бала болмады. Кінарат әйелімде еді. Ал мен бір үйдің жалғыз баласы болғандықтан артымнан ұрпақ қалса дедім. Әйелім екемізге ажырасу оңай болған жоқ.

 

Сонымен фирмада қызметім жоғарылап, маған көз салушы қыздар да көп болды. Бірақ мен үйленуге асықпадым. Жүрегіме жақын қызды таппадым. Тек жай кездесіп тұратын қыздар болмаса. Танысу сайтына кіріп біраз қыздармен таныстым. Бір күні бір қызбен таныстым. Ол қызбен демалыс күндері кездесіп жүрдік. Ол қыз маған жай ғана ұнайтын. Бірақ махаббат ұшқынын сезбедім. Бір күні ол қыз маған менен бала сүйгісі келетінін және менен еш нәрсе талап етпейтінін айтты. Тіпті ол баланы тапқан соң Алматыға кететіндігін де айтты. Менің ойым да да ештеңе жоқ, орысша тәрбиеленгендіктен бе әлде ол қыздың сөзіне сендім бе онда тұрған не бар деп келістім.

 

Сонымен ол қыздың аяғы ауыр болды. Екеміз екі жаққа кеттік.

 

Жылдар өтті. Мен бұрынғысынша қызметімді атқарып жүрдім. Кафе, дискотека аралап жүретін уақыт жоқ болғандықтан тағы да сайт, қыздармен танысу. Жас кезімде көп қыдырғандықтан ба клуб, кафе дегенге көп жолай бермеймін. Сайтпен танысып, агентпен сөйлесіп виртуалдық қарым-қатынастар үдей берді. Сөйтіп жүріп тағы бір қызбен таныстым. Біраз уақыттан соң кездестік. Екеуміздің арамызда үлкен махаббат пайда болғандай болды. Менің әйелімнен соң ұнатып, жақсы көрген қызым осы еді. Іштей көңілім марқайып, болашаққа жоспар құрып, ақ құсымды қолыма қондырғанша асығып жүрдім. Сүйіктім орысша тәрбиеленген, Көкшетау қаласынан екен. Туған әпкесінің фирмасында жұмыс істейді. Сағынышқа толы күндер өтіп жатты. Күнде кездеспесек те күн арлатып кездесіп тұрдық. Ол әпкесінің үйінде тұрғандықтан мен еш уайымдамай онын жүріп-тұруын қадағаламадым. Арасында іссапармен Алматы, Өскемен, Тараз қалаларына кетіп жүрдім. Қызым музыка жағынан сауат алған, дауысы да мықты еді. Құрбы қыздармен анда-санда ресторандарға тірі дауыспен ән айтуға барып тұратын еді. Арманы шетелге шығып ән салу еді. Сол кезде оның осы істерін, арманын музыкаға деген сүйіспеншілігі деп ойлаушы едім және сүйгенімнің арманына балта шапқым келмеді.

 

Күндер өте берді. Болашақ жарым мені туыстарымен таныстырып та үлгерді. Мен де анаммен таныстыратын күн жақын деп жүрдім.

 

Кейіннен сүйіктім біртүрлі қылықтар шығара бастады. Екі-үш күнге жоғалып кетеді, қайда болдың десең, ауылдағы туыстарымда болдым дейді. Кейде тіпті телефоны өшіп тұрады. Басында мән бермесем де кейіннен күдік ала бастадым басқа біреуі бар ма деген.

 

Осылайша қайта кездесеміз, бәрін ұмытам, бір күні қызым тағы жоғалып кетті үш күнге. Әпкесіне телефон шалдым, әпкесі кездесіп сөйлесу керектігін айтты. Алып-ұшып әпкесіне жеттім, сүйіктіме бірдеме болды ма деп. Сөйтсем, менің сүйіктім есірткіге құмар жан екен. Төбемнен жай түскендей болды. Ол бұрыннан есірткіге тәуелді жан екен. Тек мен байқамағанмын. Әпкесі бар сырын жайып салды. Оның екі-үш күндеп жоғалып кететінін сыры осында екен.

 

Оқырман, сол кездегі жай-күйімді білсеңіздер! Армандаған күндерім желге ұшып, бәрі өтірік болса екен деген үмітпен жүрегім жамандыққа қимай салым суға кетті. Өзім орысша тәрбиеленгендіктен мешіт маңайына жоламайтын едім, алып-ұшып мешітке қалай барғанымды білмей қалдым. Жарты күн бойы мешітте отырдым. Неге бұлай әлде Алланың қаһарына ұшырадым ба, неге мен бақытты бола алмаймын? Неге? Неге? Қай жерден қателік жібердім, жас кезімде жасаған істерімнің есебі ме деген ой мазалап...

 

Ол аз болғандай өзім әрең жүргенде бұрын менен бала көтерген қыз пайда болды. Агенттен хат жазып, баласының суретін жіберіп, Тимурды көргің келмей ме деп (Тимур баланың есімі). Ол қай заман еді, бала үш-төрт жасқа келіпті. Менің ол қыз тұрмақ шынын айтсам баланы да көргім келмейді. Ол қыз енді маған ДНК арқылы ұлымның сенің балаң екенін дәлелдеп сотқа беремін, алимент төлейсің әйтпесе маған үйлен дейді. Ал менің ол қызға мүлдем жолағым келмейді.

 

Ал есірткіге тәуелді қызыммен хабарласпай кеткен едім, соңғы кезде қайтадан сөйлесіп жүрмін. Сүйген жүрек кешірімді ме әлде мен әлсізбін бе білмеймін. Ештеме ойлағым да келмейді. Достарым болса мұндай қыздан қандай болашақ әйел-ана болады дейді. Өзімше түзелер, жөндеп аламын да деп ойлаймын. Әлі де үмітім бар... Не істесем?

 

 

Автор: Серік Асанов, Астана қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста