Отбасы - ошақ қасы

Ақтауда 15 жасында үйленген жасөспірімдер көпшілікті қайран қалдырды

  • Ақтауда 15 жасында үйленген жасөспірімдер көпшілікті қайран қалдырды

    Ақтауда 15 жасында үйленген жасөспірімдер көпшілікті қайран қалдырды

Қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерде ақтаулық 15 жастағы жасөспірімдердің үйлену тойын қызу талқылауда.


Қалыңдық өзін алып қашқанын, ал қайтып келген қыздың әрекеті ұят деп саналатынын айтты. Өзіне қойылған көпт сұрақтардан шаршап кеткен қалыңдық ерте некеге тұрудың себептері туралы айтқан жазбасын жариялады.


Қыздың айтуынша, ол күйеуі екеуі 15 жаста, олар 2004 жылы туған. Екеуі де қазір колледжде оқиды.


Жас жұбайлар нақты шешім қабылдамас бұрын 3-4 ай бойы қарым-қатынаста болған.


«Ата-аналары қарсы ма екен деп сұрайды. Әрине, олар басында қарсы болды. Олар мені ұрлап әкетті, өйткені қайтып келген қыз жаман дейді, мен қалуды жөн шештім. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз», - деп жазды жас қалыңдық.


Қыздың инстаграм парақшасына қарағанда үйлену тойы осы жылдың шілде айында болған.


Көптеген қолданушылар ерлі-зайыптылар ресми некеге тұрмайды, бірақ мешітте мұсылмандық рәсімін өткізеді деп болжады.


Заң бойынша Қазақстанда неке 18 жастан бастап тіркелуі мүмкін, кейбір жағдайларда жасын төмендетуге болады, бірақ екі жылдан аспайды. Егер ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған болса, ата-анасының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі қажет.


 




Көрілген: 1196    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 10:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30