Отбасы - ошақ қасы

Ақтөбе облысында анасының асылып қалғанын көрген ұлы өзіне пышақ сұқты. Ауыл тұрғындары оқиғаның қалай болғанын айтты

  • Ақтөбе облысында анасының асылып қалғанын көрген ұлы өзіне пышақ сұқты. Ауыл тұрғындары оқиғаның қалай болғанын айтты

    Ақтөбе облысында анасының асылып қалғанын көрген ұлы өзіне пышақ сұқты. Ауыл тұрғындары оқиғаның қалай болғанын айтты

Ақтөбе облысында үйлену тойына дайындалып жатқан отбасының шырқы бұзылды. Бір күнде анасы мен ұлы, өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында сенбі күні болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды.

Полицияның дерегінше, әуелі 63 жастағы анасы далада тұрған газ құбырына асылып қалған. Мұны тауып алған 28 жастағы ұлыда, сөзге келместен өзіне-өзі пышақ сұққан. Сол сәтте үй ішінде отағасы және басқа да туысқандары болған.

Бүгін олар марқұмдарды жер қойнына тапсырды. Полицейлер қазір қанды оқиғаның себеп, салдарын анықтауда.

"Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бабына сәйкес қылмыстық іс козғалды. Аталған өлімнің не себептен болғаны анықталуда", - дейді Ақтөе облысытық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ауыл тұрғындары, болған жайтқа әлі күнге сене алар емес. Айтуларынша отбасы ортаға сыйлы, әрі үлгілі. Жалғыз ұлдары жуырда ғана келіншек әкеліп қуантыпты. Енді үйлену тойының қамына кіріскен еді деді.

"Мамасы Гүлзия 63 жаста еді. Жақсы адам, отбасы да жақсы. Екі қыз, бір түйір ұл. Намаз оқиды. Өте жақсы бала. Өз балдарымның жолдастары, достары. Кәдімгідей 19 қыркүйекте той болады деп әп-әдемі дайындалып жүрді. 3 қыркүйекте келіншегін әкеліп қойды. Енді, міне, той істейін деп жатқанда мынадай болды. Неден болғанын білмеймін?", - деді Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында анасы мен ұлы өздеріне қол салды.

 

 




Көрілген: 963    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31