Отбасы - ошақ қасы

Ақтөбе тұрғыны бейтаныс адамның СМС хаты үшін әйелін өлімше етіп сабаған

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Ақтөбеде әлдебіреудің жіберген SMS хабарламалары үшін ер адам әйелін сабап тастаған. Қабырғалары сынып, өкпесіне зақым келіп, миы шайқалса да келіншек күйеуіне кешірім беріп, оны жазаламауды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

 

Ішімдікке тойып алған ер азамат әйелінің телефонынан бейтаныс адамның хатын көріп қойғанын есіне алады. Жанжал барысында әйелі әлгі хат жолдаған азаматпен екі рет кездескенін айтып қояды. Мұны естіген отағасы жұбайын ұрып-соғып, тепкінің астына алған. Күйеуінен қорғанбақшы болған әйел қолына балта алыпты. Алайда оның басы түсіп қалған көрінеді. Ең ақыры, көк ала қойдай болған келіншек ашуға булыққан жарынан көршілерінің үйіне қашып кетеді.

 

Әйел ауыр жарақаттар алған: оның қабырғалары сынып, өкпесіне зақым келген, мұнымен қоса, миы шайқалған. Денсаулыққа аса қатты кінәрат келтіргені үшін ақтөбелік азамат соттан бір-ақ шығыпты. Десек те үйінің жалғыз асыраушысы екенін айтқан әйел оған кешірім беріп, соттың жазаламауын сұраған.

 

Қазір 56 жастағы тұрғынның 3,5 жылға бас бостандығы шегерілген. Алайда егер ол әйеліне қатыгездік танытса, ол жазасын темір тордың ар жағында өтейді.

 




Көрілген: 2051    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31