Алғашқы махаббатымның көз жасы жібермеген шығар...

Алғашқы махаббатымның көз жасы жібермеген шығар...

Құрметті «Алаш айнасы»! Мен сіздердің тұрақты оқырмандарыңызбын. «Отбасы – ошақ қасын» кейде отбасымен оқып, кейде бір-бірімізбен кейіпкерлердің қылығын талқылап ұрсысып та қалатын кездеріміз болады.

 

Содан ойлана келе өзімнің апайымнын ең жақын жолдас қызы туралы жазғым келді. Біреуге сабақ, біреуге ой салар.

 

Ол кісінің әңгімесі: Мен үлкен отбасының ең үлкен қызы едім. Өзім атам мен әжемнін қолында тәрбиелендім. Балабақшадан талай қаштым, атам мен әжеме кетем деп. Мектепке барарда бәрібір өз ата-анамнын қолына қайтуға тура келді. Мектепте өте жақсы оқыдым, қоғамдық жұмыста да алдыңғы қатарда. Сыныпта, одан мектепте сол кездегі ұйымдардың басшысы болдым. Жоғарғы сыныпқа келгенде туыстар да, мектептегі ұстаздарым да менің белді бір оқу орнының студенті болатыныма сенімді болды. Және мен 8 сыныптан бастап ауданда белді бір қызметкердің ең кенже ұлымен дос болдым. Біздің махаббатымыздан бәрі хабардар. Қыздардың жігітпен сөйлескені мектепте жиналысқа дейін жетсе, біздің махаббатымыз бәріне солай болу керек сияқты көздерін жұмып қарады. Біз шынында елге үлгі боларлықтай едік. Екеуміз де үлгілі оқушы, екеумізде мектеп белсенділері. Біз солай 3 жыл жүрдік. Мектеп бітіргенше. Болашақ жоспарлар, тіпті неше баламыз болатынын да қиялдайтынбыз. Алайда сайтан адамды азғырса демде екен. Мен соңғы каникулдың бірінде туыс апайымның ауылына бара жатып бір жігітпен таныстым, автобуста. Ол өзімнен 9 жас үлкен екен. Содан ауылға келгеннен кейін телефон соғып, кейде көшеде кездесіп қалып жүрдік. Аз уақыттан соң мектеп бітіріп облыс орталығына педагогикалық институтқа құжат тапсырып конкурстан өтпей қалып, техникумға құжат тапсыруға намысым жібермей ауылға кайттым. Ойым келесі жылы қайта келу. Мектептегі жігітім болса оқуға түсіп кетті. Мен ауылға қалай келдім әлгі танысқан үлкен жігіт үйге телефон соғып, арасында киноға шақырып, ауылда одан басқа баратын орын да жоқ еді. Мен жұмысқа шықтым, мектептегі комсомол ұйымындағы атағыммен тез табылды. Ал жігіт күнде күтіп алады кешке. Бір күні әңгімені турасынан айтты. «Маған тұрмысқа шық. Келесі жылы өзіміз оқуға түсіреміз, облыс орталығында әке-шешемнің алып қойған үйі бар. Сонда тұрамыз, сен оқисың, мен жұмыс істеймін». Өзінің технологиялық институтты бітірген маман екенін айтты. Ол әңгімені анама айттым, ол арине келіспеді. Ал мен онымен қол ұстасып қашып кетім. Ертесіне-ақ бар шындық анықталды. Дұрысы ішіп алып өзі айтып қойды. Ол кезде менің артымнан қуғыншы келіп, екі жақ құда болып, менің құғыншыларым қайтып кеткен. Қайта кету деген мүмкін емес. Осылай 17 жасымда келін болдым. Ал менің мектептегі махаббатым ол уақытта бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болған. Ол үйінің кенжесі еді. Қартайған ата-анасы қанша әлекке түскенін, тіпті мені қанша рет қарғаған да болар, соны ойласам әлі күнге жүрегім қарсы айрылады.

 

Бірақ менің келіндік өмірім 6 айға да жетпеді. Күйеуім институтты 3 курста тастап кеткен, еш жерде жұмыс жасамайды. Мүгедек әкесінің зейнетақысы мен жұмыс істейтін анасының айлығына ортақтасып отырған жалқау боп шықты. Мен 6 айдан кейін үйіме кетіп қалып, жұмысқа шығып кеттім. Ол кезде мұндай қылыққа екінің бірі бара бермеуші еді. Сол кездегі әке-шешемнің күйгенін ойласам, бетім күйеді. Ал ол уақытта мен оның бірін де түсінбегем...

 

Бірнеше жыл қатарынан барып жүріп оқуға да түстім. Сөз айтқан жігітерге қарамадым. Себебі күйеуден шыққан деген атағым бар. Оларға лайық емеспін деп ойладым. Оқу бітіретін жылы өзімнен 10 жас үлкен жігіт ағасымен таныстым. Қызметі бар, айтуынша ажырасқан. Мен оны өзіме лайық көрдім. Ауылдан анам келіп таныстырдым. Анама бір көргеннен ұнамады. Мен баяғы өз дегеніме салып оған тұрмысқа шықтым. Бірнеше ай пәтер жалдап, үй сатып алдық. Ол полиция қызметкері еді, бірнеше күндеп үйге қонбайды. Жауабы кезекшілікте болады. Осылай жүріп бірінші ұлымыз туылды. Екінші ұлымыз туылып 3-4 ай өткенде тан атпай есіктің қоңырауын біреу басты. Үйде сіңлім болған, есікті сол қыз ашты. Себебі менің атымды сұрапты. Бірден біздің бөлмемізге өтті. Оның даусын естіген күйеуім атып тұрды. Қысқасы бұл келген күйеуімнін әйелі, 3 ұлы бар, ешқандай да ажыраспаған болып шықты. Кезекшілікте болғанда үйінде болады екен. Әйелінің де сөз қоры бай екен, еститінімнің бәрін естіп мен қалдым. Ақталуға шама жоқ, оны тыңдайтын кісі де көрмедім. Күйеуін алдына салып алып кетті. Әрине одан ол күйеу үйіне кете салған жоқ. Енді ашық жүретін болды. Мен тағы бір қызды болдым. Жұмыс істемедім, өте қызғаншақ болып мені жұмысқа шығармады. Мен үш баланың жағдайын жасап үйде отырдым. Екінші әйелдікке де үйрендім. Бірақ ішімде күннен күнге оған деген бір өшпенділік бас көтерді. Қайтсем де ажырасам деген ой басымды жаулап алды. Әке-шешеме айтып жүріп бір таныстар арқылы жұмысқа шықтым. Бірақ күнде кешке ұрыс. «Біреуді таптың ба, бұрын да күйеуде болғансың ғой, саған қиын емес қой» - күнде еститін әңгіме осы болды. Үйден береке кетті, ал мен жұмыстан келерде бүгін қандай әңгіме күтіп тұр екен деген оймен қайтам. Балалар есейіп қалды, бәрі оқушы. Осылай тағы 3 жыл өтті. Естімеген сөз, таяқ тимеген жер қалмады. Таңертең ештеңе болмағандай жұмысқа барам, бірақ жүйкем сыр бере бастады. Бар ашуымды балалардан аламын. Қысқасы бір таяқ жеген күннің ертесіне бардым да ажырасуға өтініш жаздым. Ол шақырған күні сотқа келмеді. Керісінше маған келіп өтінішіңді қайтып ал деп қоқан-лоққы көрсетіп кетті. Мен сотқа бардым, ал ондағылар біреше күннен кейін шешім шығарып қолыма ұстатты. Осылай мен екінші рет ажырастым.

 

Ол мені үн-түнсіз жібере салмады. Үйді, машинаны өзі алып қалды. Мен соттаспадым, себебі ол үй бізде қалса тағы тыныштық болмайтынына көзім жетті. Үш баламен әке-шешенің үйінде бірнеше ай тұрдық. Олардың қолында екі сіңлім болды, бірі студент, бірі жұмыс істейді. Бірақ бізді ешқайсысы жақтырмағандарын байқап бөлек кету керек екенін түсіндім. Кезекті демалысымды алып Астана қаласында тұратын жолдас қызыма барып, жағдайды айтып, ол жұмыс қарастыратын болып келісіп қайттым. Осылай бірнеше айдан кейін өзім кетіп, артынан каникул басталып балаларды қолыма алдым. Астанада таныс тауып тіркеліп, мемлекеттік бағдарламамен кезекке тұрдым. Пәтерден пәтерге қанша көштік. Екі жерде жұмыс істеп, жеке өмірді ұмыттым. Осылай 6 жыл өткенде пәтерге де қол жеткіздім. Бір бөлмелі кішкентай ғана пәтер болсада балаларымның қуанышында шек жоқ. Үлкен ұлым өз күшімен түсіп грантта оқиды, бос уақытында жұмыс істейді. Кішісі колледж студенті. Қызым биыл мектеп бітіреді. Әрине менде еркекке деген бір сенбеушілік көзқарас қалып қойды. Қазір 45 жастан астым, бірақ жеке өмір деген жоқ.

 

 

 

Ал баяғы мектептегі махаббатым мен екінші күйеуіммен ажырасқанда ол да әйелімен ажырасыпты. Таныстардың айтуынша екеуміз тіпті бір ықшамауданда тұрыппыз. Қазір сол қалада қайта үйленіп тұрып жатыр екен. Бұл тағдыр ма, әлде менің ақымақтығым ба білмеймін. Мүмкін менін алғашқы махаббатымның көз жасы жібермеген шығар, онын ата-анасының назасы болар. Бірақ осы беттен оқыған қыздарға, өстім, өзім білем дегендерге менің өмірім сабақ болса болды.

 

 

 

Айзада, Астана

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста