Отбасы - ошақ қасы

Алғашқы махаббатына іздеу салған астаналық ғашығын тапты

  • Алғашқы махаббатына іздеу салған астаналық ғашығын тапты

    Алғашқы махаббатына іздеу салған астаналық ғашығын тапты

Осыдан бір апта бұрын Мұқанов телеарнаға хабарласып, жас кезінде хат жазысқан Лилия есімді әйелді тауып беруді сұраған
Төлеген Мұқанов 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатын табуға көмек сұраған болатын. Телеарналар арқылы үндеу де жариялаған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Осыдан бір апта бұрын Мұқанов арна редакциясына хабарласып, жас кезінде хат жазысқан Лилия есімді әйелді тауып беруді сұраған. Жастар Қарағандының автобекетінде танысты. Сол кезде Лилия мектепті тәмамдап, ауылдағы әжесіне бара жатқан. Ал Төлеген техникумнан кейін жоғарғы оқу орнына түсе алмай, жолға шығамын деп тұрды. Сөйтіп, екеуі автобекетте танысып, бір жыл бойы бір-біріне хат жазды. Артынан Мұқановты Қиыр Шығысқа әскерге алып кеткен. Осылайша жастардың байланысы үзіліп қалған.

"Ол ерекше болатын. Басқа қыз-келіншектерден өзгеше еді. Ол менен ештеңе талап еткен емес. Хаттарында сондай ақылды, әдемі сөздер жазатын. Оның хаттары мені таң-тамаша ететін", &ndash дейді 55 жастағы ер адам.


 

Мұқанов Лилияның бірнеше суретін де көрсетті. Алайда бойжеткеннің тегін ұмытып қалған. Оның мекенжайы жазылған хаттарды да жоғалтып алды. Ер адам екі рет үйленген, бойжеткен қызы бар.

"Егер ол тұрмыс құрған және күйеуі бар болса және бақытты ғұмыр кешіп жатса, мен оған тек жақсылық тілеймін. Ал егер ол да жалғызбасты болса, мен онымен кездесіп, өмірімнің қалған бөлігін бірге өткізгім келеді", &ndash деді Мұқанов.

Осы сюжет шыққаннан кейін Лилия табылды. Ол тұрмысқа шыққан және некеде бақытты екенін айтты. Төлеген болса, оған жақсылық тіледі, қазақстандықтарға да өз алғысын жеткізді.

"Ол бақытты өмір сүріп жатыр. Мен оған амандық мен бақыт тілеймін", - деп атап көрсетті Мұқанов. 

 https://www.instagram.com/astanovka98/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 3235    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 13:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30