Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда "күйеуден қайтып келген" қызды туыстары ұрлап кеткен

29 шілде 2021, 22:58

Дағдарыс орталығының қызметкерлері 24 жастағы Алматы тұрғынын туыстарының қорлығынан арашалап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Алматылық ару туыстарының соққысы мен қорлығына төзуден шаршап, дағдарыс орталығының көмегіне жүгінген. Ол бұл орталықта бірнеше күн түнеп шыққан. Алайда бір күні жұмысқа кетіп, қайта оралмады. Мекеме қызметкерлері оның жай-күйіне алаңдап, полицияға шағым түсірді.  
"Ол дағдарыс орталығына қайтып келе жатқан кезде ағасы мен анасы көлікке отырғызып, үйіне алып кеткен. Полицияға хабарластық, қазір осы іс бойынша бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мұндай әрекетке жол жоқ", - деді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы директорының орынбасары Татьяна Мидо.

Қыздың туыстарының үйіне келген тәртіп сақшылары алматылық аруды қамауда ұстап отырғанын анықтаған. Тұтқын босатылды.

Ол өзін еркіне қарсы күйеуге бергенін, алайда отбасылық өмірде қиындық туындап, үйіне оралғанын айтып берді. Барлық қиямет үйіне оралғанда басталған. 

"Мені балағаттап, намысыма тиді. Менің күйеуімнен кетпей, бар қиындыққа шыдап, қалуым керек деп, қайтып келгенімді бетіме басты. Осы жағдайға байланысты қазір жалғыз қалдым. Досым да, құрбым да жоқ. Оларға қарсы шағым жазбаймын. Қандай болса да, отбасым ғой", - дейді құтқарылған алматылық. 

Әйтседе ол полиция көмегіне жүгініп, өзін қорғау туралы өтініш түсірді: туыстарына оған жақындауға тыйым салынды.

Stan.kz