Отбасы - ошақ қасы

Ана сотта өзін балағаттаған баласынан кешірім сұрады

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Сотта жалған куәлік еткені үшін шартты түрде сотталып, Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынған 38 жастағы қала тұрғыны анасына балағат сөз айтқаны үшін түрмеге қамалды. Ал анасы бұлай боларын мүлдем қаламаған еді деп жазады azh.kz.

 

38 жастағы Дәурен (аты өзгертілді) 2018 ҚР ҚК 420-бабы (Көрiнеу жалған айғақ беру) бойынша 5 жылға шартты түрде сотталған. Ажырасқан, әке-шешесімен тұрады. Ішкілікке құмар жігіт түнгі уақытта үйінде болмай, кейде пробацияға белгіленуге келмеген &ndash бұл заңды өрескел бұзу. Ал өткен аптада үйіне мас болып келіп, анасын балағаттаған. Анасы полиция шақырған. Бірақ бұл қоңырау жалғыз ұлын түрмеге апаратынын анасы білмеген еді.

 

Атырау қалалық пробация қызметінің хабарлауынша, Дәурен осыған дейін бірнеше рет шартты жаза режимін бұзған. Бұл әрекеті «соңғы тамшыға» айналып, шартты түрдегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру жөнінде сотқа ұсыным жіберілген.

 

Сотқа Дәуреннің 70-тен асқан анасы қатысты. Ол ұлының түрмеге отыратыны үшін өзін кінәлап, сотта көз жасын тия алмады.

 

- Сот болатынын білмедім. Жалғызым, қолқанатым, отбасымыздың асыраушысы еді. Сот, баламды кешіріңізші. Енді ол түзеледі. Осылай боларын білгенде ешкімге хабарласпайтын едім ғой. Төсектен тұра алмайтын әкесін жуындыратын, тырнағын алатын осы &ndash Дәуренім. Енді олсыз қалай күн көреміз? &ndash деп анасы ағыл-тегіл болып жылады.

 

Сот отырысында Дәурен анасының жанында отырса да жақ ашпады. Ал соңғы сөзінде: «Иә, кінәмді мойындаймын» деді.

 

Сот оның қалған шартты мерзімін қауіпсіздігі орташа мекемеде (жалпы режимдегі колони) өтеуге кесті. Сот үкімінен кейін ол:

 

- Мама, сен не істедің? Сенің кесіріңнен түрмеге бара жатырмын енді! Қалағаның осы ма?- деді.

 

- Кешір, балам, білмедім ғой, білмедім! Кешірші мені!

 

Осыдан соң Дәуренді алдымен тергеу изоляторына, кейін колонияға апару үшін «автозакка» отырғызды. Көліктің артынан анасы жүгіріп шығып:

 

- Балам, сен шыққанша әкең екеуміз о дүниелік болып кетеміз. Мені кешірші, білмей қалдым. Кешірдің бе?

 

Баласы үн қатпай, автозактың тезірек жүруін сұрады.

 

Міне, осындай хикая.

 

 

 

 




Көрілген: 3140    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 02:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31