Анам жаман жолға түсіп кетті

08 мамыр 2019, 10:24

Сәлеметсіздер ме, əйел құпиясы! Өтініш, есімім жасырын болсыншы Сіздерден көмек керек. Мен тұрмыстамын, Аллаға шүкір күйеуіммен арамыз жақсы. Менің уайымым ата-анам мен бес бауырым. Олар қазір бәрі бірге мен тұрады, бауырларым мектеп жасында.

Кейінгі кезде анам ішімдікке салынып кетті, онымен қоймай жүріс жасайды. Өзінің жаман жолда жүргенін түсінгісі келмейді. Көрші-қолаң, бүкіл ауыл анамның бұл қылығын көріп, біліп отыр. Əкеме балдарды алып кет десем, ел-жұртқа күлкі болам дейді. Құр ішіп жүрсе мейлі ғой, балаларды ұрып-соғып, әкем жұмыста блолған кезде үйге еркектерін əкеліп, бауырларымды далаға қуады екен. Бауырларыма жаным ашып, жүрегім ауырып отыр. Күйеуімнен де ыңғайсызданамын. Заңға жүгінсем бе екен, мұндай жағдайда не істеу керек?